Орталықта этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығында облыс бойынша этникалық топтар арасында деструктивті діни ағым идеологиясының  таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша  «Дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын насихаттай отырып, теріс діни ағымдардың идеологиясының зиянды әрекеттерін түсіндіру» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Р.Сейтқалиев, Дін істері басқармасы бөлім басшысы Е.Ерғалиев, этномәдени бірлестіктер өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты. Басқарма басшысы кездесу басында Атырау облысындағы діни ахуал туралы сөз қозғап, теріс діни ағым идеологиясының қаупі туралы айтып өтті. Р.Сейтқалиев өз кезегінде, орталықтың атқарылған жұмыстарын, негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқталса, Е.Ерғалиев ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының және ҚР ӘҚБтК-нің 453-490 баптарында көрсетілген құқықтық жауапкершіліктерді түсіндірді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі діни топтарға тіркелудің зияны, деструктивті діни топтардың айла-тәсілдері мен сипаты туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, басқарма басшысы Қ.Көшқалиев 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля