ОРТАЛЫҚТА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығында облыс бойынша этникалық топтар арасында деструктивті діни ағым идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «Дәстүрлі ислам дінінің құндылықта-рын насихаттай отырып, терісдіни ағымдардың идеологиясы-ның зиянды әрекеттерін түсін-діру» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Р.Сейтқалиев, Дін істері басқармасы бөлім басшысы Е.Ерғалиев, этномәдени бірлестік-тер өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты. Басқарма басшысы кездесу ба-сында Атырау облысындағы діни ахуал туралы сөз қозғап, теріс діни ағым идеологиясы-ның қаупі туралы айтып өтті. Р.Сейтқалиев өз кезегінде, орталықтың атқарылған жұ-мыстарын, негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқталса, Е.Ерғалиев ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының және ҚР ӘҚБтК-нің 453-490 баптарында көрсетіл-ген құқықтық жауапкершілік-терді түсіндірді. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі діни топ-тарға тіркелудің зияны, де-структивті діни топтардың айла-тәсілдері мен сипаты туралы сөз қозғалды. Кезде-су соңында қатысушылар та-рапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, басқарма бас-шысы Қ.Көшқалиев 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады.

Облыс тұрғындарының құқықтың және діни сауат-тылығын арттыру мақсатын-да орталықтан дайындалған бүктемелер, флаерлар қа-лаішілік маршруттарда (№4, №12, №14, №22, №2, №30, №1 және т.б.), Жылыой ауда-нындағы «Тенгиз» вахталық қалашығында, Атырау қала-лық Жастар ресурстық орта-лығында, «Бақдаулет» сауда үйі және автобөлшек сататын «Үш жүз», «Мерей» сауда үй-лерінде, Мақат, Құрманғазы, Қызылқоға және Исатай ауда-нындағы шағын және ірі сауда орталықтарында, Қазақтелеком, Газаймақ мекемелерінде, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелерінде және мешіттерде таратылды.

Ғаламторды деструктивті діни ағым өкілдерінің насихат жұмыстарынан тазарту кезек күттірмейтін мәселе. Біз өз ке-зегімізде «Ата-аналық бақыла-уды» қатаң түрде ұстану кере-гін ескерткіміз келеді. Өйткені, еліміздің болашағы білімді де саналы ұрпақтың қолында. Ке-лешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болуы үшін жастардың білімін арттырып, жат пиғыл-ды ағым өкілдерінен қорғауға міндеттіміз. Сол себепті, тек біз секілді тиісті орган өкіл-дері ғана емес барша халық осы мәселеде бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Құрметті облыс тұрғындары, жақыныңыз-ды жат ағымнан қорғаңыз!

Сондай-ақ облыс тұрғындары біздің орталыққа келіп анонимді түрде әлеу-меттік желіде қандай топтарға тіркелгеніңізді біле алады. Сондай-ақ біздің мамандардан психологиялық, теологиялық және құқықтық көмек алуға болатынын хабарлаймыз.

Ақпараттық-талдау ор-талығының мекен-жайы: Атырау қаласы, Нұрсая ы/а 6 үй. Байланыс телефоны — 8 (7122) 50 43 36.

                                                                                                                                                                    Ақпараттықталдау 

                                                                                                                                                           орталығының басшысы 

                                                                                                                                                                                Р.Сейтқалиев

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля