Орталықта ҚМДБ-ның өкілі Қ.Алшынбаевпен кездесу өтті

 

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күні Ақпараттық-талдау орталығында ҚМДБ-ның «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қ.Алшынбаевтың қатысуымен деструктивті діни ағым мүшелерін оңалту бағытында орталық мамандарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қ.Алшынбаев «Діни оңалту» бөлімі 2020 жылдан бері 4 бағыт бойынша жұмыс жасайтынын жеткізіп, әр өңірде осы бағыт бойынша қызмет атқаратын бір өкілдің барын айтты.

Жалпы республика бойынша 250 адам оңалту бағытында жұмыс жасайды. Сондай-ақ, аталмыш бөлім қызметкерлері әлеуметтік желілерде «Telegram» каналдары бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп, радикалды көзқарастағы пікірлер зерделенеді. Осы бағытта пуль ашылып, әлеуметтік желілерді тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жедел жауап беріліп, қарсы насихаттық материалдар дайындауға имамдар да жұмылдырылып отырғанын жеткізді.

Өз кезегінде Орталық басшысы Р.Сейтқалиев ҚМДБ тарапынан «талибандар мен ханафилердің айрмашылығы», «Деобандия» мектебі, «Хабашизм» бағыты, т.б. тақырыптарды халық арасында кеңінен түсіндіруді ұсынды.

Шара соңында Орталық басшысы Р.Сейтқалиев ҚМДБ-ның бөлім меңгерушісі Қ.Алшынбаевқа алғысын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля