Психологиялық зерттеу: ерлер мен әйелдердің терроризмге көзқарасы

Бүгінгі таңда «терроризм» ұғымы – өте көп қырлы құбылыс. Қазіргі заманғы терроризм халықаралық қауымдастықтың назарын талап ететін жаһандық проблеманың сипаттарына ие болды. Терроризм ұғымын зерттеу кезінде осы құбылысты зерттеу әдістері мен тәсілдері туралы пікірталастар туындады.
Психологтардың зерттеулерінде қоғамның терроризмге қатынасын қалыптастырудың әртүрлі психологиялық және әлеуметтік сипаттамалары бар. Бұқаралық ақпарат құралдарынан террористік акцияларға насихаттау халықтың үнсіздігінен немесе олардың терроризмге қатысты сауатсыздығынан ғана емес, кейде азаматтардың кейбір бөлігінің террористік актілерге белсенді қатысуға келісім беруімен де болатынын атап өтуге болады.
Теориялық талдау көрсеткендей, террорлық әрекетке деген қатынас мәселесі негізінен жас ерекшелігі тұрғысынан қарастырылады, жастардың терроризмге деген көзқарасы зерттеледі. Біз гендерлік контексте терроризмге қатысты көзқарасты зерттеуді шештік.
Біздің зерттеуімізге 17-ден 55 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер іріктеліп алынды. Жалпы адам саны – 100. Біздің зерттеуде тек жастар ғана емес, сонымен орта және ересек жастағы адамдардың терроризмге деген көзқарасын көру маңызды болды: 1 топ – ерте (17-25 жас), 2 топ – орта (25-40 жас), 3 топ – үлкен (40-55 жас) жастағылар. Барлық адамдар 2 топқа бөлінді: 50 ер және 50 әйел.
Зерттеу арнайы ұйымдастырылған жағдайларда, әрбір респондентпен жеке жүргізілді. Сауалнаманы жүргізу барысында оларға нұсқаулықтар мен арнайы жауап парақтары ұсынылды. Осы жауап парақтарында белгіленген нәтижелер математикалық статистика әдістерінің көмегімен есептелді.
«Терроризмнің түрлі көріністеріне қатынасты зерттеу» сауалнамасы, респонденттердің терроризмге, оның көріністеріне, әдістеріне деген көзқарасын, яғни интеллектуалды (респонденттер терроризм туралы не біледі), эмоционалды (оған қатынасы қандай?) компоненттері мен мінез-құлықтық әлеуетін (теракт болған жағдайда террористік актіні дайындауға немесе жасауға қатысуға дайындығын бағалау және әрекет ету) анықтауға мүмкіндік береді.
Сауалнама қатысушыларды келесі топтарға бөлуге мүмкіндік берді: ерлер арасында жалпы таңдаманың 24% терроризмге шартты-жағымды, 24% шартты-бейтарап және 52% жағымсыз қатынасты көрсетті. Әйелдердің арасында тек 24% терроризмге бейтарап қатынастарын көрсетсе, ал 76% теріс қатынасымен анықталды. Осылайша, әйелдер арасында терроризмге оң көзқарас білдіретін субъектілер болған жоқ, ал сыналушы ерлердің 24% терроризмге оң баға береді.
Терроризмге теріс қатынасын бағалаған ерлер мен әйелдер негізінен нақты, қатал және радикалды көзқарас ұатанады, сонымен бірге терроризм проблемасын күшпен шешу әдісін басшылыққа алады. Олар терроризмді қазіргі заманның жаһандық проблемасы деп санайды, ол барлық елдерге ерекше қауіп төндіреді және онымен күресу қажет деп есептейді. Олардың пікірінше, лаңкестік әрекетті жасаған адамды ақтай алатын бірде бір себеп жоқ.
Терроризмге оң көзқараспен қарайтын ер адамдар террористердің әрекеттерін ақтайды, террористік шабуылдарды белгілі бір мақсаттар мен идеяларды жүзеге асырудың тәсілі деп санайды және бұл күрестің жалғыз және тиімді әдісі екенін айтады.
ТЕрлердің әйелдерден айырмашылығы, терроризм туралы сұраққа жауап беру барысында, оны олар оғаш қылмыс, ақылсыздық және бей-берекеттік әрекет деп атады. Ал терроризмге оң көзқарастағы ерлер оны мағыналы, ойын және қорқыту әдісі деп көрсетті.
Террорлық актілер неге жасалынады деген сұраққа жауап беру барысында ерлер мен әйелдер арасында үлкен айырмашылықтар болған жоқ. Барлығы террорлық актілердің болуы, көптеген мемлекеттер дұрыс саясат жүргізбеуінен, заңдарды сақтамауынан, адамдармен және олардың пікірлерімен санаспауы себептерінен туындайды деп есептейді. Ерлер де, әйелдер де террорлық актілерді психикалық тұрғыдан дені сау емес адамдар немесе өзіне назар аударғысы келетін адамдар жасайды деген бірыңғай көзқарасты ұстанады.
Осылайша, әйелдер ерлерге қарағанда терроризмді нақты бағалайды. Әйелдер тобында терроризмге жағымды қатынасын білдіретін сыналушылар болған жоқ, ал ерлер арасында мұндай респонденттер кездесті. Әйелдер терроризмге нақты, түбегейлі қарсы. Ер адамдар әйелдерге қарағанда терроризмге және террорлық актілерге кейбір жағдайларда қолдау білдіреді [8].
Отандық және шетелдік психологтардың зерттеулерінде күнделікті санадағы қоғамның терроризмге қатынасын қалыптастырудың әртүрлі психологиялық және әлеуметтік сипаттамалары қарастырылған. Зерттеушілердің көпшілігін жастардың терроризмге деген көзқарасы қызықтырады, алайда олар сыналушылардың жынысына көңіл бөлмейді. Бірақ іс жүзінде, террористік қозғалыстарға әйелдер мен ерлердің қатысуын зерттеу өте маңызды. Өйткені, соңғы кездері террорлық актілерге әйелдер де жиі қатысады.
Біздің ойымызша, ерлер мен әйелдердің террористік құбылыстар мен әрекеттерге қатынасын зерттеу және терроризмнің адамға әсері факторын, яғни террорлық актіге кімнің (жыныстық белгі бойынша) бейім екендігін анықтауда зерттеу жүргізу үшін аса маңызды.

kazislam.kz

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля