Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық айы

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Әуелі, барша мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айы баршамызға құтты болсын!

          Айлардың сұлтаны болған Рамазан айы – Алла Тағаланың мұсылмандарға берген сыйы әрі нығметі. Бұл айда күнәларымыздан арылып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартып, Алланың разылығын алуға мол мүмкіндіктер бар. Құран Кәрімде айтылған Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген қайырлы амалдың сауабын санау мүмкін емес.

          Бұл жөнінде Алла Тағала былай дейді: «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Әрине сақтанарсыңдар. Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтер. Және сондай оразаға дәрмені жетпейтіндер (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық қайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер, сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы. Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа  күндерде санын толтырсын. Алла сендергеоңайлыққалайды, ауыршылыққаламайды. Сендерді тура жолғасалғанАллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар» («Бақара» сүресі, 183,185-аяттар).

          Ораза – Алла Тағала мен пендеа расындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Хадис-құдсида Алла Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдегенде шығатын аузының исі мен үшін мисктен (әтірден) де артық», – дейді. Иман жолы сабырлық пен тақуалықты талап етеді. Ораза нағыз, шынайы тақуалық пен сабырлыққа жетелейді. Құранда Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят), – деп бұйырған. Аталған аяттың мұраты да мұсылманды рухани кемелдендіріп, тақуалық дәрежеге жеткізу. Ал, тақуалық нәпсіні тәрбиелеу мен жүзеге асады. Нәпсі дегенің – бойдағы алып ұшқан құмарлық сезім. Адам сол бойындағы құмарлық сезімін тізгіндеу арқылы айналасына мейірімді, кешірімшіл бола бастайды.

          Дегенмен оразаның да өзіндік пайдасы мен ережелеріне тоқталып өтсек: Оразаның рухани пайдасы – тақуалық, сабырлылық, көркем мінез-құлық, уақытты жүйелеу болса, қоғамға пайдасы – адамдарды бірлікке және бір тәртіпке үйрету, теңдік пен әділдікті сүю, өзара мейірімділік, жаппай күнәдан тыйылуға жетелейді. Сондай-ақ, оразаның денсаулыққа мынадай пайдасы бар: асқазанды тазартады, дененің ауырлығы мен семіздігін тоқтатады, бір жыл бойытынымтаппайжұмысістеген ас қорыту жүйелері демалып, ретке келеді.

          Қасиетті Рамазан айы баршаңызға мүбәрак болсын!

Қандай жағдайда ораза бұзылады?

1. Таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта жеу, ішу, жыныстық қатынаста болу (ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды).

2. Дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау және темекі тарту.

 3. Әдейі құсу, әрі ауыз толы құсықты жұту. Ал, ұмытып ішіп-жеу, қан алдыру, ауыз, мұрынды шаю, шомылу, төбеден су құйынып жуыну, бой дәретсіз таң аттыру, еріксіз құсу, көзге сүрме жағу, еріксіз тамағына түтін, тозаң, шыбын кіру, түкірік жұту, тістің арасындағы бұршақтан кішкене нәрсені жұту – бұл нәрселер оразаны бұзбайды.

• Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн.

• Сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

• Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.

• Тарауық намазы Құптан намазынан кейін оқылады, ал Үтір намазы ең соңынан (мешітте болса) жамағатпен оқылады.

• Пітір садақаны Рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады. Пітір садақа кісі басына 300 теңге.

•      5 маусым – ораза айттың бірінші күні. Айт намазы Атырау уақыты бойынша таңертең сағат 7:00-де оқылады.

•    Оразаға ниет: Алла Тағаланың разылығы үшін қасиетті Рамазан айының оразасын ұстауға таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім.

•      Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық-несібеңнен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла, менің алдыңғы және кейінгі күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!».

Батыржан МАНСҰРОВ

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы

0

Автор публикации

не в сети 7 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля