Рухани келісім – бірліктің берік негізі

Кеше елордамызда қала әкімдігі, Өркениетаралық және конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы және Астана қаласы діндерді зерттеу орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне арналған халықаралық конференция өтті. 1992 жылы Алматы қаласында Бірінші дүниежүзілік рухани келісім конгрессі өткен болатын. Сол жиын соңында манифест қабылданып, конгресстің ашылған күнін, яғни 18 қазанды «Рухани келісім күні» деп жариялау ұсынылды. Бұл түрлі шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий жариялау, татуласу жолдарын іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністік орнату, жақындарыңа мейірім мен жәрдем беру күні ретінде күнтізбеге енді. Сол кезден бері елімізде жыл сайын Рухани келісім күні атап өтіліп келеді. «Рухани келісім – қазіргі қоғамдық татулық пен бірліктің негізі» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустардың өкілдері, діни қайраткерлер, отандық және халықаралық сарапшылар қатысып, сөз сөйледі. Жиынды жүргізген Рухани келісім күнінің бастамашысы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов бүкіл әлемдегі және еліміздегі тыныштық пен бейбітшіліктің гүлденуі үшін бірлік пен ынтымаққа шақыратын осындай атаулы күндердің маңызы зор екеніне тоқталды. – Бұл мерекенің тарихы 1992 жылдан бастау алады. Сол іс-шараға тұңғыш рет барлық діндердің, бітімгершілік қозғалыстар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, руханият пен адам өмірінің мәселелеріне алаңдайтын белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері қатысып, бір үстел басында пікір алмасты. Міне, 30 жылдан астам уақыттан бері елімізде 18 қазан өзара түсіністік пен рухани үндестік мейрамы ретінде атап өтіліп келеді. Мемлекет басшысы «Қазақстан барлық күрделі мәселені БҰҰ Жарғысы негізінде үстел басындағы келіссөздер арқылы шешуге шақырады. Біз пікірталастарды күшпен, қорқытумен немесе санкция салу арқылы шешу мүмкін еместігіне сенімдіміз» деп атап өткен болатын. Қазіргі күні дәстүрлі діндер гуманистік идеялардың сақтаушысы болып отыр. Адамзат баласын татуластыруда да дін қайраткерлерінің ықпалы орасан. Біздің елімізде 100-ден астам ұлт және 18 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрқайсының өз тілі, діні, дәстүрі бар. Біздің бірлігіміз – барлық жетістігіміздің кілті, – деді ол. Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов елімізде діни сенім еркіндігіне кепілдік берілгендігін атап өтті. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақыл сөз қанша ғасыр өтсе де өз мәнін жоғалтпай келеді. Қазақ жерінде бас қосқан барлық ұлт өкілдері осы нақылды басшылыққа алып, бірліқ пен ынтымақтың ерен үлгісін сақтап отыр. Рухани келісім – біздің баға жетпес байлығымыз. Еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуы жерімізді мекендеген халықтардың достығына тікелей байланысты. Белгісіздік белең алған қазіргі заманда бүгінгі басқосудың айрықша мәні бар» деп атап өтті ол. Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов рухани келісімнің еліміз үшін маңызын айта келе, бір апта бұрын ғана елордамызда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысы барысында көтерілген маңызды бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ ол еліміздің дін саласында жүргізіліп жатқан келелі істер туралы кеңінен әңгімеледі. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мемлекет тарапынан түрлі дін өкілдері қатысатын маңызды жиындарға, соның ішінде әлемдік діндер съезіне, басқа да халықаралық іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларына айрықша көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Өйткені халықты бірлікке шақыруда, өзара түсіністікке үндеуде дін қайраткерлерінің рөлі орасан. «Бұл бізден зайырлы мемлекет ретіндегі сипатымызды сақтай отырып, діни бірлестіктермен тығыз жұмыс істеуді талап етеді», деп атап өтті.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Рухани келісім – бірліктің берік негізі | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 5 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 810Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля