Студент жастар білікті психолог мамандармен кездесті

          Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында АРЕС Рetrotehnic колледжінде жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында білікті психолог мамандардың қатысуымен «Жастар және діни сана» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.       

          Аталмыш шараға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, қалалық білім бөлімінің психолог маманы Л.Төлепова, қалалық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ғ.Сұлтанова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы Г.Ғибатоллақызы, қақтығыс аймағынан елге оралған әйел П.Еркінбай және студент жастар қатынасты.

          Алдымен, Орталық басшысы М.Құбышев қоғам тұрақтылығын сақтау мен жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастырудағы дәстүрлі діни құндылықтардың рөлін ашып көрсетудің маңыздылығына тоқталып, жиынға қатысушылармен таныстырып өтті.

          Қалалық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ғ.Сұлтанова ислам дінінің құндылықтарын психология ғылымымен ұштастыра отырып, қатысушыларға кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, қалалық білім бөлімінің психолог маманы Л.Төлепова жастардың теріс діни ағымдардың ықпалына кетуі отбасындағы тәрбиеден бастаталатынына тоқталды.

          Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы Г.Ғибатоллақыз әр түрлі қызықты деректерді пайдалана отырып, тренинг ұйымдастыру арқылы жастарға деструктивті діни ағымдардың зиянын жеткізді.

          Ал, қақтығыс аймағынан елге оралған облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі П.Еркінбай Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, жастық шақтың қанша уақытын жоғалтқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, студенттерге соқыр сенімнің жетегінде кетпей, ата-ананың, бауырлардың, Отанның, білім алудың, уақыттың қадірін түсіну керектігін еріксіз көзіне жас алып жеткізді.

          Жиын соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля