Жаңалықтар

Тегеранда жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте діндарлардың жауапкершілігі талқыланды

Иранда «Жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте діндарлардың жауапкершілігі» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараны Иран Ислам Республикасының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығы Қазақстан Республикасының Конфессияаралық және дінаралық диалог орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Екі елдің дін саласындағы сарапшылары қоғамның заманауи мәселелерін шешудегі дін лидерлерінің әлеуетінің маңыздылығын талқылады. Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қатысты. Спикерлер Қазақстанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаһандық дамудың негізгі бағыттары бойынша дін көшбасшыларының жан-жақты жақындасуына және елдер мен халықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне ықпал ететінін атап өтті. Конференция аясында қазақстандық делегация өкілдері Иран Ислам Республикасы Президенті жанындағы Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысымен кездесті.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация мүшелері Тегеран университетіне барып оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Тегеранда жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте діндарлардың жауапкершілігі талқыланды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1017Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля