Теріс ағымдардың алдын-алу жолдары

Ағымдағы жылдың 9-шы қыркүйек күні Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, аудандық «Қызылқоға» газеті редакциясы мекеме қызметкерлерімен «Теріс ағымдардың алдын-алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Н.Ғизат, аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы қатысты.Орталық маманы Н.Ғизат дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын-алу мақсатында олардың шығу тарихы мен таралу жолдарын арнайы слайд бойынша баяндап, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 453, 490 баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік берді. «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов жасөспірімдерді жат діни ағымдардан қорғауда ұлттық тәрбиенің маңызы зор екендігін баса айтып, оларды отансүйгіштікке, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу қашан да өзекті екендігін түсіндірді. Теолог маманы Ш.Темірқұлұлы дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің сипаттары мен ерекшеліктерін түсіндіре келе, олардың іс-әрекеттері мен ұстанатын бағыттары халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне қайшы екендігін атап өтті. Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля