ТЕРІС ПИҒЫЛДЫ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖАСТАРДЫҢ САНАСЫНА ТИГІЗЕТІН КЕРІ ӘСЕРІ

Қазіргі таңда діни ұстанымда жүргендердің арасында басқа бағыттарды ұстанатындар көбеюде.
Пайғамбарымыз (с.а.у) христиандар 72-ге, яхудилер 71-ге, мұсылмандар 73 тармаққа бөлінеді деп ескерткен. Алайда, «олардың ішіндегі ең тура жолдағылары − жамағатпен бірге болғандары» деп жеткізген. Ақиқатында, жат ағымдардың шығу тарихы пайғамбарымыздан (с.а.у) кейінгі Али (р.а) кезеңіндегі харажиттердің ізін жалғастырушы Ибн Таймия, Ибн Қаиймдардың ерушісі Мухаммад ибн Абдулуаххабпен байланысты.
Осман халифатының кезеңінде Мекке мен Медина қалаларында 14 мың мұсылманның басын кескен соң «Жазиратул арабия» деген атақ беріп, «біз Меккені кәпірлерден тазарттық» деп патшалық құрған. Арабтардың ішіндегі Саут руы Абдулуаһабпен келісім шартқа отырған. Егерде, Абдулуаһаб Мекке мен Мединаны жаулап алуына септігін тигізіссе, шариғатқа қатысты саланы өзі басқаратынын жеткізген. Сол күннен бері уахаби діні мемлекеттік дін болып келуде.
Өкінішке қарай, қазіргі жастар ислам діні Мекке мен Мединада деп түсінеді, алайда Омар (р.а) «Ей, қаратас, егер де Пайғамбарымыз (с.а.у) сені сүймегенде, мен сені сүймес едім» деген. Сол себепті көбіміздің «дін ол Мекке мен Мединада» деп ойлауымыз қате болып табылады. Себебі дін — Алланың кітабы, Құран мен Пайғамбарымыз (с.а.у) сүннеті.
Діни білім алғыңыз келсе әр тарапқа жалтақтап қарау шарт емес. Алдымен, өңіріңізде орналасқан діни білім ордасынан сусындаңыз, содан соң қалаған елге барып білім алсаңыз болады. Себебі діни сауатыңызды арттырмай жатып, өзге елге білім алуға барсаңыз жат ағымның жетегінде кетуіңіз бек мүмкін.
Құран кәрімде (Нахл сүресі 40 аят) «Тыңда, білмесеңіз білім иелерінен сұраңыз» деген аят бар. Бұл аят қазақтың «білмегеніңді білгеннен сұра» деген мақалына саяды. Пайғамбарымыз да (с.а.у) «ұстазы жоқтың ұстазы шайтан» деген хадисі бар екенін ескеру керек. Сондықтан да ғаламтордан ізденіп, кім көрінгенді ұстаз тұтпаңыз.
Қазіргі таңда жастардың дінге деген қызығушылығы артпаса кеміген жоқ. Бірақ осы ынта-ықылас пен қызығушылықты дұрыс білім алу жолына бағыттасақ, елімізде өте жоғары деңгейде білімді кадрлардың саны көбейер еді. Сол кезде ғана теріс діни ағым елімізге өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асыра алмайды.

 

«Шапағат» деструктивтік діни
ағымдардан жапа шеккендерге
көмек орталығы» қоғамдық
қорының теолог маманы
Омаров Мухиддин Асқарұлы

0

Автор публикации

не в сети 7 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля