«Тұрғызба» ауылдық мешітінде ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айының оразасын тұтып, Жаратқан иеден жарылқау тілеп жатқан күллі мұсылмандардың ризалығы мен дұға-батасын алу мақсатымен Жылыой ауданы Тұрғызба ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айына орай мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарына ауызашар дастарханы жайылды. 
Аталмыш шараға Тұрғызба ауылдық мешітінің имамы Б.Бақбергенов, облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Есқайыров,мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары қатынасты.
Дастархан басында бас имам Е.Иманғалиев рамазан айының қасиеттері туралы баяндап, қасиетті айда кешірімді болудың артықшылығы турасында ой қозғап, ауыл тұрғындары да жылы лебіздерін білдірді.
Шара соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар үлестірілді.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля