Тәрбие тал бесіктен басталады

        Облыстық  ақпараттық түсіндіру-тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 10 қазанында «Қоғамдағы бала тәрбиесі» тақырыбында Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектебінің  оқушыларымен және ата-аналармен кездесу өтті.

          Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы ақпараттық-талдау орталығының маманы Р.Алиева, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Қ.Мыңтұрғанов, Р.Үмбетова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Сарбасов қатынасты.

            «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығаратын, зайырлы мемлекетімізге қауіп төндірер жат ағымның шығу тарихы мен оларды қалай ажырату керектігі жөнінде айтып өтті.

          Теріс діни идеологияның алдын-алу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында тәрбие мен білімнің маңызды рөлін ислам дінінің құндылықтарымен сабақтастыра отырып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыға салынды.

          Кездесуде қатысушылар тарапынан қойылған маңызды сауалдарға мамандар нақты жауап берді.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля