Шығарма жазу байқауы Махамбет ауданында жалғасын тапты

Махамбет аудандық жастар ресурстық орталығында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты шығарма жазу байқауы өтті.

Байқау мақсаты — қоғамдағы деструктивтік діни ағымдардың таралуының алдын алу, сондай-ақ жастар ортасында қазақ халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру.

Қазылар құрамында аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Н.Ғинаятова, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Дүйсембаев, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі А.Сатаева және облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының орталығының мамандары С.Құжырбаев пен А.Мұхамбеталиев болып, қатысушылардың шығармаларын тексеріп, бағасын берді.

Байқау нәтижесінде Д.Төленов атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Наурызова Нұрайна үздік деп танылып, жүлделі І орынды иемденді. Байқаудың жүлделі ІІ орнын Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің оқушысы Айтжан Айкүміс иеленсе, жүлделі ІІІ орын Д.Төленов атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Нәсім Бибі-фатимаға бұйырды.

Байқауға қатысқан Қуаныш Ақерке, Нұрахмет Гүлнұр, Мүсен Нәсіп, Бағытжанова Индира, Кенжебаев Нұртай, Ибатуллин Ақтілеуге алғыс хаттар табысталып, байқауда белсенділік танытқандары үшін ұйымдастырушылар зор ризашылықтарын білдірді.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля