Қазақстандықтарды Пасха мен Ораза кезінде карантиндік шараларды сақтауға шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Қазақстандағы Орыс Православ Шіркеуінің Митрополиттік Округтың Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте барлық діндар азаматтарды төтенше жағдай шарттарына түсіністікпен қарауға және діни мерекелерді тойлау кезінде барлық карантиндік шараларды сақтауға шақырды. .
«Сіз бен біздің міндетіміз – төтенше жағдайда төзімділік танытып, тазалық шараларына аса мән беріп, өзімізді, отбасымызды індеттен аман сақтау. Жұқпалы індетпен оқшауланып күресуіміз керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында карантин мерзімінде тарауық намазын мешіттерімізде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз», — деді Наурызбай қажы.
Оның айтуынша, ҚМДБ төтенше жағдай кезінде онлайн-уағыздар мен дәрістердің арнайы кестесін бекітті. Сондай-ақ, діндарларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жедел жауап беру үшін call-center ашылды: (7172) 33-30-30.
Өз сөзінде Бас мүфти қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталатынын айтты.


«Қазіргі уақытта қажетті карантиндік шаралардың әсерінен храмдарға кіру уақытша шектелді. Өкінішке орай, биыл көптеген приходшылар Пасханы үйде, өзін-өзі оқшаулау жағдайында атап өтеді. Бірақ есімізде болсын: ешкім Пасханың шынайы қуанышын сенетін жүректен жұлып ала алмайды. Үйде бірігіп дұға ету, рухани әдебиеттерді оқып, ақырында құдайдың қызметтері туралы хабарларды көру бізге мерекелердің Мерекесіне қосылуға көмектеседі», — деді митрополит Александр.

Ол Пасха түнінде «Евразия бірінші арнасында» Алматыдағы Вознесенск кафедралы шіркеуінен мерекелік қызметтің тікелей трансляциясы өтетіндігін айтты. Сондай-ақ, еліміздің өңірлерінде Пасха қызметтері туралы хабарлар Қазақстанның барлық епархияларының негізгі шіркеулерінен беріледі.

Айта кету керек, биылғы жылы басты христиан мерекесі — Қасиетті Христостың қайта тірілуі — 18-нен 19 сәуірге қараған түні атап өтіледі.
Сонымен қатар, брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов сөз сөйледі.


«Елдегі төтенше жағдай және карантин режимі а.ж. сәуір айының соңына дейін ұзартылғанын ескере отырып, мен барлық діни бірлестіктердің басшылары мен діндар азаматтардың, сондай-ақ біздің азаматтарымыздың алда келе жатқан діни мерекелер кезінде карантиндік режимді сақтауды жалғастыруды сұраймын»,-деді ол.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля