Қазақстан – дінаралық татулық бесігі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және «Нұр-Мүбарак» университетінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Қазақстан – дінаралық татулық бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Наурызбай қажы Тағанұлы конференцияға қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтай келе, егемен ел болу әрбір ұлттың маңдайына бұйыра бермейтін бақ екенін атап өтті.

Бас мүфти өз сөзінде Исламның барлық заманға жауап беретін адамзат пен жындарға жіберілген соңғы иләһи дін екенін, жауластыру мен дауластыруды емес, татуластыру мен елдестіруді мақсат тұтатынына тоқталды.

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғашқы кезде мүшріктерге қарағанда кітап иелерін жақын тұтқанын, кейін Рим, Мысыр, Хабаш патшаларын Исламға шақырып хат жолдағанын атап өтті. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударған кезде жергілікті яһудилермен де тату тұрғанын, осы бағытта арнайы «Мәдина келісімі» қабылданғанын еске салды.

ҚМДБ Төрағасы сондай-ақ өзге дін өкіліне қысым жасауға болмайтынын алға тартып, Пайғамбарымыздың мұсылман қоғамында өмір сүріп жатқан өзге дін өкіліне зәбір көрсетпеуге шақырғанын жеткізді. Сөзін қортындылаған Бас мүфти әлемдегі 57 мұсылман елінің бірі – біздің Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері дінаралық және ұлтаралық татулыққа аса мән беріп келе жатқанын атап өтті.

«Біздің мемлекет – зайырлы мемлекет. Сондықтан діни сенім еркіндігі мен бостандығы заң аясында бекітілген. Ешкімнің діні мен тіліне, ұлты мен нәсіліне қол сұғылмайды. Ендігі мақсат – бірлігімізді танытып, бір-бірімізге қолдау көрсету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында: «Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет» деп атап өткен болатын. Мұсылман адам өзгелерге тіл тигізіп сауап таппайды, керісінше Исламнан алшақтатқаны үшін күнә табады. Олай болса, мұсылманның міндеті өзгелерді діннен үркіту емес, өз дінін кемшіліксіз түрде жеткізе білу. Баршаңызды асыл дінімізді көркем түрде насихаттауға шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля