Жаңалықтар

Қазақ даласындағы әйел мәртебесі

ҚМДБ Әйел–қыздар секторы Павлодар облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық «Достық үйінің» үлкен конференция залында «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Қазақ даласындағы әйел мәртебесі» тақырыбында республикалық әйелдер форумы өтті. Форумның басты мақсаты – қазақ дәстүрімен біте қайнасқан қасиетті дінімізді, әдет-ғұрпымызды дәріптеу. Форум жұмысын ашқан ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі, Мәщһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Жолдас  Қоспақұлы сөз сөйлеп, келген қонақтарды құттықтады. Келесі кезекте танымал қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы осы тақырыпты кеңнен толғаса, ҚМДБ-ның республика бойынша «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева «Исламдағы әйел кісінің мәртебесі», Алматы қаласы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Сүлейменова Гүлмира Ілесбайқызы: «Халық педагогикасындағы рухани тәрбие», тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Лаура Қуандыққызы: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әйел ролі» тақырыптарында арнай баяндама жасады. Форум жұмысы барысында әртүрлі сұрақ-жауаптар бойынша тақырып кеңінен талқыланды. Павлодар облысы, Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» басшысы Гүлназ Мақсұтқызы сөз сөйлеп форум жұмысын қорытындылады.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қазақ даласындағы әйел мәртебесі | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 961Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля