Қоғамдағы бала тәрбиесі

        Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 10 қазанында Мақат ауданында «Қоғамдағы бала тәрбиесі» тақырыбында Бәйгітөбе мектеп-балабақша кешенінің оқушыларымен және ата-аналармен кездесу өтті.

          Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Р.Алиева, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Қ.Мыңтұрғанов, Р.Үмбетова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Сарбасов қатынасты.

          Жиында сөз алған ардагер ұстаз Р.Үмбетова, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қ.Мыңтұрғанов өздерінің өмірлік тәжірибелерін ортаға сала отырып, бүгінгі күні бала тәрбиесіндегі кейбір олқылықтарды атады.

          Көпті көрген жандар көңілдерінің көп нәрсеге толмайтындығын, әсіресе ата-анаға сөз қайтару, уақытын телефонға телмірумен өткізу секілді негізгі мәселелерді сөз ете отырып, өз замандарындағы ата-ананың айтқысы келгенін «қас пен қабағына қарап» ұғынатын күндердің келмеске кеткенін еске алды.

          Жыл өткен сайын еліміздің түкпір-түкпірінде жастар тарапынан орын алып жатқан түрлі сорақылықтар мен айтуға ауыз бармайтын статистикалық деректерге қапаланатынын жеткізген ардагерлер оқушыларды өз әдебін сақтап, ұлттық құндылықтардан айнымауға шақырды.

          «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы бала тәрбиесінің ислам дініндегі орны туралы, ата-анаға тіпті «туф» деп айтудың өзі құран аятымен қатаң тыйым салынғанын тілге тиек етіп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мақал-мәтелдерін асыл дінімізбен ұштастырды.

          Жиында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ,  қосымша ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля