Мақалалар

ҚР заңнамасы: Желідегі діни ақпараттар

«ҚР заңнамасы: Желідегі діни ақпараттар»

Ғаламтор мүмкіндіктерінің, оның ішінде бүгінде адамдар көп қолданатын әлеуметтік желілердің қоғам үшін пайдасы шаш-етектен. Ең бастысы, әрине, олар ақпаратты жедел алмасудың таптырмас құралы. Алайда адамзат өміріне құбылыс болып енген бұл жаңа технологиялар интернетте жалған уағызшылардың да өз қатарына адам тарту үшін қолданатын алаңына айналғаны бүгінде ешкімнен жасырын емес.

Елімізде көп адам дін туралы ақпаратты ғаламтордан іздейді. Өйткені мешітке барып дені дұрыс уағыз-насихат тыңдауға уақыт тапшы, ал кітапты көбі оқығысы келмейді. Сондықтан ең жеңіл жолы – интернеттегі тегін дүниені пайдалану. Алайда ғаламторға салынған барлық діни ақпаратты дұрыс деп айта алмаймыз. Тіпті кейде дұрыс бағыттағы мақалалар мен видеолардан гөрі теріс жолға шақыратын контент көп пе деп ойлап қаласың. Өйткені әлемнің әр түкпіріндегі, соның ішінде еліміздегі деструктивті діни ағымдардың бәрі де түрлі жолын тауып, интернетке өз материалдарын толтырумен айналысып жатыр. Олардың алдап-арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек? Ең алдымен, әрине, әрбір адамда ең қажетті қарапайым діни сауат болуы тиіс. Өйткені діни сауаттылық – қазіргі заман талабы. Интернет желісі қоғамды тек ақпараттандырушы ғана емес, виртуалдандырушы үлкен күшке айналды. Интернет желісі пайда болмай тұрғанда оффлайн жасалатын қызметтің басым бөлігі қазіргі кезде онлайн түрде жүзеге асатын болды. Мысалға келтіретін болсақ, білім беру саласы интернет желісі арқылы қашық- тықтан беріле бастады. Сауда-саттық та интернет дүкендер арқылы жасалатын болды. Ақша аударымдары интернет желісі пайда болғаннан бастап желі арқылы жасалады. Осы сияқты адамның өмір сүру қажет- тіліктерін қанағаттандыратын талаптардың басым бөлігі бүгін виртуалданып кетті. Веб-сайттар кез-келген діни ұйымның айнасына айналып үлгерді. Ақпараттық қоғамда арнайы веб- сайты болмаған ұйым мекенжайы немесе белгілі бір тұрағы жоқ ұйым іспетті. Өйткені тұтынушылар кез-кел- ген ұйымды жеке веб-сайты арқылы таниды. Дінді насихаттайтын ұйымдарды да дін ұстанушылар немесе сол дінді қабылдағысы келген адам веб-сайты арқылы кеңірек қарастырады. Олай болса, діни ақпаратты веб- сайт арқылы техникалық және діни нормаға сәйкес ұсыну өте маңызды. Қорытындылай келсек, интернет желісінің өзіндік ерекшеліктері діни тұрғыда күн санап артып келеді. Интернет өз алдына виртуалды ақпараттық қоғамды қалыптастырып, діни аспектілерді де қамтып үлгерді. Қоғамдық сипат алған бұл құбылысқа икемделе отырып, қоғамдағы діни қатынастарды реттейтін сегмент қалыптастырудың Қазақстан қоғамы үшін маңызы өте зор. Бұл мәселеге негіз болып отырған фактор – қазіргі заман талабы. Виртуалды ақпараттық қоғам форматына сай икемделе отырып, интернет ресурстарын қолдану арқылы дінді насихаттау – ақпараттық қоғамның қажеттілігі. Осы қажеттіліктің орнын толтыра алмаған кез-келген дін ерушілерінен көз жазып, сол дінді ұстанатындардың қатары сирей береді. Кез-келген дін сол дінді ұстанатындардың және жақтайтындардың саны мен сапасына қарай қуатты болады. Интернеттің осындай тиімділігін сезінген кез-келген дін оны пайдаланудан шектелмеді. ҚР Қылмыстық кодекстің  174, 274-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам бас бостандығынан айрылады немесе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490 және 458 баптарына сәйкес жауапқа тартылу көзделген. Демек, ел ішін алаңтардай бүлдіріп, сыртынан қызықтап отыратындар анықталған жағдайда жеңіл жазамен құтылмайтындығын айтқымыз келеді.

М.Ізғалиев, Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 961Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля