Құқық қорғау органы қызметкерлері және ҚАЖ департаменті мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті

 

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық қолдау орталығының тапсырысы бойынша «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21 тамызында Құқық қорғау органы қызметкерлері және ҚАЖ департаменті мамандарына арналған «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбында бір күндік.

«ZOOM»бағдарламасы арқылы өткен курсқа 50-ге жуық құқық қорғау қызметкері мен ҚАЖ департаменті маманы қатысты.
«Шапағат» қоғамдық қорының теологы, исламтанушы Мұхиддин Асқарұлы «Суррурит, мадхалит, такфирит ағымдарының шығу тарихы», «Шапағат» қоғамдық қорының психолог маманы Құбышева Гүлвира «Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу», Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Ерлан Елубайұлы «Құқық бұзушылық профилактикасы және діни экстремизм саласындағы заң бұзушылықтар», Атырау облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы Ерлан Қалымбекұлы «Дін қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында дәріс оқыды.

Курс соңында құқық қорғау органы қызметкерлері мен ҚАЖ департаменті мамандарына сертификат табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля