Құқық қорғау органы өкілдеріне арналған семинар өтті

          А Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының мәжіліс залында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиевтің қатысуымен Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне және облыстық Жергілікті полиция қызметі құрамына арналған семинар-кеңес өтті.

          Семинар барысында басқарма басшысы Қ.Көшқалиев Атырау облысы Дін істері басқармасы заңға қайшы идеяларды оның ішінде дінаралық және ұлтаралық араздықты қоздыруға діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттауға бағытталған материалдардың таралуына жол бермеу, дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында БАҚ және интернет-ресурстарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырғанын жеткізді. Алайда, діни мазмұндағы әдебиеттердің заңсыз сатылуы немесе таратылуы, әлеуметтік желілерге түрлі діни тақырыптардағы материалдарды тарату фактілері орын алып отырғанын да атап өтті.

          Сондай-ақ, қатысушыларға жат ағымды дәстүрлі діннен қалай ажырату керектігі жөнінде түсіндіріп, деструктивтік діни ағым өкілдерінің сыртқы бет-бейнесі мен белгілерін сипаттап, олардың іс-әрекетінің алдын алу бағытындағы мақсаттандырылған жұмыстарға тоқталды.       

Деструктивті діни ағым өкілдері интернет ресурстарын өте тиімді пайдаланатындығын ескермеуге болмайды. Жат діни ағым өкілдерінің діни сайттары мен әлеуметтік желілерде көптеген топтары бар екені белгілі. Яғни, әлеуметтік желілерде теріс діни ағымдарды таратып, бөлісуге болмайтындығына, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптары, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына тоқталып, деструктивті діни ағым өкілдерінің ықпалына жастардың қалай түсетіні жайында баяндап, олардың алдын алу мақсатында жұмыла қызмет атқару қажеттігін атап өтті.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля