Құқық қорғау органы өкілдерімен өткен семинар

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» атты бір күндік біліктілікті арттыру семинары өтті.

          Семинар 40-қа жуық құқық қорғау органы қызметкерлерін қамтыды. Аталмыш шарада Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы «Аңсар»  ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары Т.Талдыбаев, психолог-практик,«Сообщества психоаналитической психотерапии» және «Профессиональной психологической лиги» кәсіби мекемелерінің маманы М.Букашова, «Шапағат»  деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы С.Сариев дәріс жүргізді.

          Семинар барысында дәріскер Т.Талдыбаев діни экстремизм мен терроризмнің идеялық негіздеріне қарсы тұрудың амалдарын атап, деструктивті діни ағым өкілдерінің ықпалына жастардың қалай түсетіні жайында баяндап, олардың алдын алу мақсатында жұмыла қызмет атқару қажеттігін атап өтті.

          Психолог маман М.Букашова «Психолиялық конфликтілерден шығу жолдары. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тұлғаның әр түрлі жай-күйлері» тақырыбында баяндама жасады.

Одан әрі теолог С.Сариев теріс діни ағымда жүргендер мен дәстүрлі дінді ұстанатындардың арасындағы айырмашылықтарды ажырата білуді түсіндірді. 

Курс соңында қатысушылар семинар барысында көптеген пайдалы мәліметтер алғанын айта келе, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля