ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

          Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Атырау қаласындағы №9 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп оқушыларымен «Ұлттық бірегейлік және мәдени құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті.

          Аталмыш шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау-орталығының бөлім басшысы Д.Муханбеталиев, Ішкі істер қызметінің ардагері, Ауған соғысы ардагерлер одағының мүшесі, Облыстық АТТ мүшесі Т.Шакиров, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы С.Сариев және «Жусан» операциясымен Сириядан елімізге оралған отбасы мүшесі Н.Юсупова қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

          Алғаш  сөз кезегін алған Т.Шакиров оқушыларға: «Қазіргі таңда өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған шақта ақыл-ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары, ұлттық рухы күшті жастардың қатарында болу күн озған сайын артып отыр. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, ерекше ізгі қасиеттермен қатар, Отансүйгіштіктің де керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата — бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Отансүйгіштік сезімді, білім мен біліктілікті, дағды мен шеберлікті, адамгершілік қадір — қасиеттерді қалыптастыру үлкен қажеттілік. Сондықтан да сендер адал, шыншыл, сергек, өмірге құштар, көзі ашық, көкірегі ояу, қуаныш пен ренішке ортақтаса алатын, өз Отанын сүйетін, өз жерінің, елінің иесі бола алатын, еркін ойлау қабілеті бар, мәдениетті, іскер, адамдық қасиетке ие, рухани жан дүниесі бай, жаны, ары таза азамат болуларыңның міндеті тұр» — дей келе, жастарды ел болашағы үшін қызмет етуге шақырды.

          Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңның талаптары, сондай-ақ ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 453 және 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндірген Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Д.Муханбеталиев әлеуметтік желіде мұқият болуды баса айтты.

          «Жусан» операциясымен Сириядан елімізге оралған отбасы мүшесі Н.Юсупова Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, қазіргі таңда «Шапағат» қоғамдық қорына қызметке тұрып, түсіндірме жұмыстарын жүргізудегі мақсатын жеткізді.

          Ал, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы С.Сариев жалған діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен зияндарын түсіндіріп, қандай да бір діни сұрақтар туындаса, арнайы дін мамандарынан сұрауға кеңес берді.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля