Мақалалар

Ұлттық код арқылы ұлтымызды сақтап қаламыз

Ұлттың ұлт болып сақталуы «тілден» деп бекер айтылмаса керек. Өйткені тілде – ұлттық код бар. Сол арқылы ұлттық құндылықтар салт-дәстүр, дін, діл осы уақытқа дейін белгілі бір деңгейде сақталып келді. Ғалымдар оны өз зерттеулерінде дәлелдеп қойған. Сондықтан тілді тек байланыс құралы ретінде қабылдамау керек. Ұлы ағартушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп айтып кеткеніндей, ана тілсіз рухани баю, Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес. Тіл – ұлттың бар құндылығын тасымалдаушы құрал. Өкінішке қарай, әлемдегі тілі ең бай халықтың бірі болсақ та, арамызда өзге тілде сөйлеуге бейімделіп барамыз. Бұл мәселенің шешімі табылмай, ұлт болып сақталып қалуымыз екіталай. Ұлттық деңгейдегі маңызды мәселелер түбегейлі өз шешімін тапқан жоқ. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспанның айтуынша, тіл мен дін – ел-жұрт боп шешетін мәселе. – Қарапайым күнделікті қарым-қатынаста бір-бірімізбен қазақша сөйлеспейміз. Отбасы дастарқан басында бір тілде сөйлемейінше және бір шаңырақ астында мұсылманшылық жоралғысы бірдей болмайынша, мемлекеттік деңгейде руханият мәселесінің шешімі табылуы қиын. Отбасы –  шағын мемлекет деген осы. Рухани даму бастауында тіл, дін және діл жатыр. Бұл үшеуі – бір-бірімен біте-қайнасқан біртұтас дүние. Әрбірі аса маңызды элемент. Қазақ елі – керегесі кең, шаңырағы биік мемлекет. Әрине, мәңгілік елдің болашағы ұлт тұтастығында екеніне дау жоқ. Бізге дамыған елдердің тәжірибесін ескеру қажет. Өйткені тарихи себептермен біздің біршама кенжелегеніміз рас. Десе де, озық тәжірибені меңгеру барысында белгілі бір сүзгіден өткізбей, сол қалпында қабылдаудың салдарын жете түсінген жөн. Бұл елек – ұлттық бояу һәм рухани құндылық. Бұл тұрғыда кез келген саладағы жас маман тарихы алтын әріптермен жазылған Ұлы Даланың перзенті екенін ұмытпағаны дұрыс,  дейді бас имам. Ал белгілі филология ғылымдарының докторы Анар Салқынбай тіл ол – ұлттық код дейді. Оның айтуынша, ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. – Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен сипатталып, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған. Жамбыл облысында жыл басынан бері 210 қару тәркіленді 23.05.2023 «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жаңа ғимараты ашылды 23.05.2023 Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шаһкәрім, Ақымет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі,  дейді Анар Салқынбай. Қазақ жазуының өткен тарихына көз жүгіртсек, қазақ еліне өз өктемдігі мен өкімдігін жүргізгісі келгендердің барлығы оның рухани болмысына жасайтын шабуылын, ең алдымен, жазуды өшіруден бастаған екен. Ғалым А. Салқынбай кез келген жазу сол ұлттың дәстүрлі мәдениетін, елдігін, тарихи жадын сақтайтын жәдігер екенін ескеруіміз қажет дейді. – Араб жаулаушылары атының тұяғы жеткен жерлердің барлығында түркілік таңбаларды жоюға күш салыпты, орыс колонизаторлары қазақ еліне кең тараған араб жазуымен, араб мәдениетімен күресіп, жазуды өшіріп, ақыры өз  әліпбиін енгізген. А. Байтұрсынұлының төте жазуының тағдыры қалай болғаны бүгінгі көзі ашық қауымға белгілі. Қазақтың қайран тілі көшпенді ғұмыр-тіршіліктің арқасында жазуға мойынсұнбағандықтан, өзге тілдердің ырқына көне қоймай, өз болмыс-бітімін сақтай дами берген,  дейді ғалым. Ал қазіргі жай басқаша. Тәуелсіз Еліміз әлемдік өркениетте өзіндік орнын белгілеп, алдыңғы қатарға шығу үшін ұмтылуда. Ал бұл өркениеттің дамуына әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Балжан ӘБДІРАШ

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Ұлттық код арқылы ұлтымызды сақтап қаламыз | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 961Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля