Мақалалар

Ұлттық құндылық — дін мен мемлекет қатынасының кепілі

Әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері және 18 конфессияға тиесілі діни бірлестіктер бір шаңырақтың астында ұзақ жылдары бойы – достық, бірлік, ынтымақ ұрандарын басты ұстанымына айналдырып, даму сатысында болашаққа жол бастап келеді.

Сонау Тәуелсіздік алып, еліміз енді аяғынан тұра бастаған тұста шет елдердің сарапшылары «Қазақстанды қақтығысқа қолайлы, яғни, конфликт қаупі жоғары аймаққа жатқызған» болатын. Бұған себепте жоқ емес, бір шаңырақтың астында ұзақ жылдар бойы 130-ға жуық ұлт пен ұлысты, түрлі дінді уағыздайтын бірнеше діни бірлестіктерді тату-тәтті ұстап отыру мемлекет үшін оңай шаруа емес.

Әрине, Қазақстанға осындай  болжам жасауға себеп бар. Себебі әлемдік тарих сахнасын зерделейтін болсақ, құлдыраған мемлекеттер түрлі қақтығыстар мен тұрақсыздықтардың барлығы дерлік ұлттар мен діндер арасындағы қарама-қайшылықтардан, өзара түсіністіктің жоқтығынан туындап, соғыс алаңына айналып отырған. Мысалға айтар болсақ Сирия, Ауғаныстан, Таяу Шығыс және Африка т.б. елдердің тағдырын алға тартсақ болады. Бір шаңырақтың астында мұншама көпэтносты және көпконфессиялы елдің ауызбіршілікте өмір сүруі қаншалықты қиын шаруа екенін түсінеміз. Сондай-ақ, әлемнің көптеген елдерінде ішкі тәртіп жүйені құлдырату мақсатында, әлеуметтік желідегі пропагандаларды өрбіту, ксенофобияны өршіту, этностық-діни белгілер бойынша кемсіту қаупіне ұшырататын популизмге ұмтылу үрдісі байқалады.

Алайда, қазақ елі тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, күні бүгінге дейін ең маңызды ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен тұрақтылықты, достықты өзіндік ұстаным етіп өмір сүруде. Еліміз қанша уақыттан бері шашау шығармай, достық пен бірлікті ту етіп, ортақ мүддеге жұмылдырып, қаншама ұлттардың және діни ұйымдардың ортақ Отаны бола білді. Тіпті, бүгінгі күні еліміздің өз бірлігін сақтап қана қоймай, әлем халқына тұрақтылықты, бейбітшілікті насихаттап, бірнеше жыл қатарынан саяси маңызды халықаралық жиындар өткізуге мұрындық болып, діндер мен ұлттар арасында түсіністіктің қалыптасуына ықпал еткен бірегей тәжірибелі, елге айналуымыз талай елдің ерекше қызығушылығын тудырды. Егер кезінде еліміздің құрамы көпэтносты және көпконфессиялы болуына байланысты күмәнді болжамдар айтылса, бүгінгі күні сол сарапшылар татулықтың концепсиясын бізден үйрену керектігін айтуда. Бұл мемлекеттің осы уақытқа дейін дұрыс саясат жүргізіп жатқандығын білдіреді.

Бұл жүргізіліп келе жатқан саясат зайырлық және толеранттылық ұстаным негізінде қалыптасқан жүйе десек болады. Бүгінгі күні елімізде әр діннің өкілі өз құлшылығын емін-еркін атқаруда. Мұсылмандар мешітке, христиандар шіркеуге, өзге де дін ұстанушылар өзінің құлшылық қылатын ғибадатханаларына барып, Құдай алдындағы борышын атқаруда. Олардың өзара қарым-қатынасы да әлемнің өзге аймақтарында ұлттар мен ұлыстар үшін үлгіге айналды. Бұл зайырлы қоғамның анық көрінісі, Қазақстанның қол жеткізген тамаша жетістігі.

Қазіргі кезде әлем елдерінің көпшілігі зайырлы мемлекет жүйесін қалыптастыруда. Нақтырақ айтсақ әлемде 113 мемлекет өзін зайырлы ел деп жариялаған болса, соның бірі – Қазақстан. Қазақстан мемлекеті тұғырлы тәуелсіздік алған жылдардан бастап зайырлылықтың қазақстандық моделі қалыптастырды. Бұл зайырлы мемлекет жүйесінің жағымды жағы – жеке тұлғаға бір қалыпты дүниетаным мен өмір сүру салтын агрессияшыл түрде таңуға жол бермейді. Тұлғаның адами абыройын қорғайтын бұндай ұстаным Ислам қағидаттарында әуелден қалыптасқан. Мысалға, Ислам дінінің қайнар көзі болып табылатын Құран кәрім, оның «Кафирун» сүресінің 6-аятында: «Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тән» деп айтылған болса, «Бақара» сүресінің 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ» делінген. Зайырлы мемлекет ешбір дінді өзге діндерден артық деп санамайды. Ешбір діннен бет бұрмайды әрі олардан алшақтамайды. Олардың құқықтарының теңдігін сақтауды өз міндеті деп біледі. Қазақстанда дінді және дін ұстанушыны қорлауға жол берілмейді.

Зайырлы ұстанымды анықтау мақсатында айтып кететін мәселе бар. Ата заңымызда «діни наным-сенім бостандығы» және «ар-ұждан бостандығы» деген екі ұғым айқын көрсетілген. Бұхара халық арасында осы екі ұғымның ара жігін түсінбей жүргендер бар. Ал кейбіреулері екеуі бір ұғым деп қабылдайды. Ендіше осы екі ұғымның арасын ашып кетсек артық етпес. Діни наным-сенім бостандығы деген — азаматтарға өзі қалаған дінді ұстануға мүмкіндік беретін ұғым. Ал ар-ұждан бостандығы – дінді ұстану және ұстанбау әр қазақстандықтың өз қалауында және еркінде деген ұғымды білдіреді. Басқа да көзқарастардағы азаматтардың дін таңдау бостандықтарына тыйым салмайды.

Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер дәстүрлі дінге басымдық беріп, көңіл бөлінеді және шектеу жасалмайды. Мұндай басымдықты жер бетіндегі 75 мемлекетте дін республиканың ресми бөлігі ретінде қарастырады. Қазақстан мемлекетіде бұл мәселеде алыс емес, 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң» преамбуласында ханафи бағытындағы исламды және православиелік христиандықты халық санасында тарихи маңызға ие екендігін атап өткен.

Р.Қаламзаұлы, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының маманы

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля