Ұрпақ тәрбиесі ұяда беріледі

Ұрпақ тәрбиесі ұяда беріледі.

 

Ата-ана және балалардың бір-біріне деген жауапкершіліктері мен ақылары болады.

Әке – өз жұбайы мен балаларын ең көркем түрде тәрбиелеп, олардың мұқтаждықтарын адал жолмен қамтамасыз ету арқылы оларды ақыретке әзірлеуі керек.

Ана — күйеуі алдындағы жауапкершіліктеріне бекем болып, үйіне және балаларына басы көз болып отыруы қажет. «Ұяны ұрғашы құс құрады» шындығына сәйкес қанағатшыл болып, ысыраптан аулақ түрде, барынша көреген ана болуға тырысуы керек.

«Ей, иман келтірген жандар! Өздеріңді де, отбасыларыңды да отыны адамдар мен тастардан болатын оттан қорғаңдар..» (Тахрим, 6).

Әке-шеше балаларына өте әділ қарап, араларын бөліп жармауы қажет. Олардың ең маңызды міндеті – отбасы мүшелеріне Ислами тәрбие беріп, олардың мәңгілік бақыты мен бағы үшін тер төгу. Мұның үшін ең әуелі негізгі діни мәліметтерді оларға үйретуі қажет. Одан кейін өздері таңдайтын адал түрдегі бір кәсіп иесі болуларына жәрдем ету келеді.

Ардақты Пайғамбарымыздан ﷺ :

«Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ ! Біздің балаларымыздың мойнында ақыларымыз болатыны секілді олардың біздің мойнымызда ақылары бар ма?», – деп сұралған кезде былай деп жауап берген екен: “Баланың әкесінің мойнындағы ақысы – әкесінің оған жазуды, жүзуді, оқ атуды үйретуі және оған адал ризық жегізуі» (Байхаки, Шүғаб VI, 401; Әли әл-Муттақи XVI, 443).

Ислам шариғаты бойынша, балиғат жасына жеткен жас бала діннің үкімдерінен жауапты болады. 17-18 жасқа келгенде жанұя құрып, сауда-саттық жасай алады. Ол бұдан былай өмірдің барлық жүгін көтере алатын жаста.

Бірақ бұл мүмкін болу үшін Ислам адамның балалық шағына қатты көңіл бөледі. Баланы тәрбиелеп, ілім үйретуді ерте жастан бастап, ең алдымен негізгі қажетті мәліметтерді үйретуді негізге алады. Осылай, оны алдындағы өмірге дайындайды.

Ислам ғалымдарының өмірбаянын зерттейтін болсақ, мына бір таңқалдырар тізбек алдымызға шыға келеді:

• Имам Малик 17 жасында білім алуын аяқтап, дәріс беруді бастаған.

• Имам Шафиғи 5 жасында Муатта деп аталатын хадис кітабын жаттап, 15 жасында пәтуа бере бастаған.

• Имам Әузағиден елдер пәтуа сұрай бастаған кезінде жасы 13 те болатын.

• Суфиян ибн Уяйна 4 жасында Құранды толық жаттаған.

• Имам Бухари бастауыш мектепте жүргенде 15 мың хадисті жатқа білетін.

• Ибн Сина 10 жасында бүкіл Құран және әдебиет ілімдерін ең кемел түрде меңгерген екен.

Осы мәселеге қатысты өзге хадистер:

«Баланың әкесіне қатысты хақыларының бірі – жақсы есім қоюы, уақыты жеткенде үйлендіруі және оған жазуды үйретуі» (Әли әл-Муттақи XVI, 412).

«…Өмірде оны абыройға жеткізіп, көркем тәрбие беруі» (Байхаки, Шүғбл-иман VI, 401-402).

Имам Ғаззали былай дейді:

«Балам! Бүгін өлдім деп ойла. Өміріңде ғапылдықпен өткізген сәттеріңе қандай өкінесің. «Шіркін-ай, Қайран өмірім ай!»,– дейсің, бірақ амалың не!

Әр мүмин таң намазын оқыған соң өзіне мынаны ескертуі керек:

«Менің бар қазынам өмірім. Өмірім таусылса, қазынам да таусылады, оны қайта табуыма мүмкіншілік те қалмайды. Бүгін жаңа бір күн басталып келе жатыр. Аллаһ Тағала бүгін де маған өмір сыйлады. Егер жанымды алғанында, әлбетте, бір күнге болса да, бұл дүниеге қайтарылып, ізгі амалдар істеуді өтінер едім ғой! Олай болса, қазір өлдім, сосын дүниеге қайтуыма бір күн мұрсат берілді деп ойлағын! Бүгін күнәлі істердің маңына жуыма, бір сәтін де босқа өткізбе. Өйткені әрбір алынған тыныс баға жетпес нығмет!».

 

 

Атырау облысы бойынша

«Ақниет» ҚҚ теолог-маманы

Боханов Наркес

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 894Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля