“Әл-Каида” көшбасшысы әз-Завахиридің көзі жойылды

АҚШ президенті Джо Байден 31 шілде Ауғанстандағы операция кезінде “әл-Каида” террористік ұйымының басшысы жойылғанын мәлімдеді. Айман әз-Завахири “әл-Каиданы” (Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым) Осама бен Ладеннен кейін басқарды. Кезінде бен Ладеннің оң қолы болған.  2011 жылы мамырда ұйым жетекшісі Пәкістанда қайтыс болғаннан кейін Айман әз-Завахири “әл-Каиданың” көшбасшысы атанды. Содан кейін АҚШ билігі террористік топтың жаңа басшысы туралы кез келген ақпарат үшін 25 миллион доллар сыйақы тағайындаған болатын. АҚШ президенті Ақ үйдегі брифинг барысында Айман әз-Завахири Кабулдағы пәтерінің балконында екі Hellfire зымыранының соққысымен өлтірілгенін айтты. Оның айтуынша, “әл-Каиданың” басшысы өлтірілген кезде жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккендер болған жоқ. Ол сондай-ақ Айман аз-Завахиридің туыстары да зардап шекпегенін хабарлады. Тегтер: «Аль-Каида»Айман аз-ЗавахириАуғанстанБайдентерроризм

Kazislam.kz сайтынан алынды

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля