Өскелең ұрпақты діни экстремизм мен терроризм идеологиясынан сақтандыру жолдары

Діни экстремизм және терроризммен күрес тәжірибесі қазіргі заманның өте маңызды міндеті болып табылады, өйткені бұл мәселе жаһандық сипатта болып отыр. Дін мәселесіндегі құқықтық мәдениетті қалыптастыру – діни сауаттылықтың ажырамас бөлігі. Құқықтық мәдениет тұрғындарға ҚР-ның діни қызмет саласына қатысты заңнамаларын түсіндіруге, мемлекеттің діни қызмет саласындағы саясатының негізгі ережелерін жеткізуге мүмкіндік береді.

Өмірді жаңа тани бастаған жастар жаңашылдыққа, жаңа нәрселерге әрдайым құштар, сондықтан олар түрлі деструктивті діни ағымдардың ықпалына тез түсетіндігі жасырын емес. Жастардың сенгіштігін ұтымды пайдаланған жат ағым өкілдерінен баласын қорғағысы келген ата-аналар баласының араласып жүрген ортасын қадағалауы тиіс.

Жастардың деструктивті ағымдар идеологиясының жетегінде кетуінің себептеріне әлеуметтік-экономикалық проблемаларының болуы, әлеуметтік әділетсіздік сезімі, өмірлік тәжірибелерінің жоқтығы, сыни қабылдау қабілетінің төмендігі, тұлға ретінде қалыптасуда орын алған психологиялық мәселелер де әсер етуде.

Жат ағымға тартудың бірінші түрі, бетпе-бет арбау болса, екінші түрі – бұл ғаламтор арқылы тарту. Бұл — әбден жетілдірілген, бүгінгі күні аса қауіпті түрі болып отыр.  Жасөспірімдер ғаламтормен бірге-бір қалады, жанында ересектер болмайды. Жас жеткіншектер ғаламтор арқылы танысып, өз араларында мәселелерді шешіп пікір алмасып жатады. Соңында жастар экстремизмнің шырмауына қалай түскенін өздері де байқамайды.

Осы бағытта 2021 жылдың  қаңтар-мамыр айлары аралығында дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын әлеуметтік желі қолданушыларын бұғаттауға қолданылатын арнайы бағдарламаға 80 000-нан астам материал енгізілді. Әлеуметтік желідегі 65 686 азаматтың жеке парақшаларына зерделеу жүргізіліп, 430 азаматтың парақшасы дінтану сараптамасына жолданды.

Облыстағы діни ахуалға сараптама жасап, анықтау мақсатында, арнайы әлеуметтік сауалнамалар жүргізіліп отырады. Бүгінге дейін облыс тұрғындары арасында «1-наурыз: Кімге алғыс айтасыз?», «Қыз баланың ерте тұрмыс құруына көзқарасыңыз», «Жусан операциясымен елге оралған қазақстандықтар» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, орталықтың ресми парақшасына жарияланған болатын.

Әлем бойынша деструктивті діни ағымдардың қатарына қосылғандардың 80% – интернет арқылы арбалғандар. Сол себепті әрбір
ата-ана қандай әлеуметтік желілерде отырғанын, кіммен қандай тақырыпта хабарлама алмасып жатқандығына да аса мән беруі керек.

Айналадағы туыстарыңызда, балаларыңызда не болып жатқандығына мұқият қарауыңыз – өте маңызды. Егер ата-ана баласының жүріс-тұрысында жөнсіз  іс әрекеттерді байқап жатса алдын алуға міндетті.

Осыған орай, Ақпараттық-талдау орталығында дайындалған әдістемелік материалдар өңірдегі мектеп оқушылары мен ата-аналарға таратылып келеді. Бүгінге дейін жалпы саны 393 505 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Сондай-ақ, орталық мамандары дайындаған ҚР ӘҚБтК-нің 453-490 баптары туралы аудиохабарлама облыс тұрғындарының 80% пайызын қамтитын «Атырау радиосы 102FM» әуе толқынында және халық  көп шоғырланатын ірі сауда орталықтары мен базарларда жүргізіліп, 12 635  мектеп мұғалімдері мен ата-аналарға әлеуметтік желі арқылы таратылды.

Жат ағымның жетегіне еріп, ойы мен ұстанымы өзгерген адам өзге адамдардың өзіне айтқан дәйекті ақпаратын қабылдай алмайды. Ол өзінің жаңа таныстарының барлық ережесіне бағынып, жүріс-тұрысына үйреніп, айналасындағы адамдардан оқшаулана бастайды.

Мұндай жағдайда, ата-аналар біздің орталыққа келіп анонимді түрде балаларының әлеуметтік желідегі қандай топтарға тіркелгенін, не көріп, не оқып жатқанын біле алады. Сондай-ақ біздің мамандардан психологиялық, теологиялық және құқықтық көмек алуға болатынын хабарлаймыз.

Ақпараттық-талдау орталығының мекен-жайы: Атырау қаласы, Нұрсая ы/а 6 үй.  Байланыс телефоны — 8 (7122) 50 43 36.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля