«APEC PETROTEHNIC» КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

         Бүгін, дін мәселеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды түсіндіру мақсатындағы «APEC Petrotehnic» колледжінің студенттерімен өткен кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы  Р.Сейтқалиев, Орталықтың «Интернет ресурстары және әлеуметтік желілерді зерделеу» бөлімінің мамандары, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологтары А.Сәден, С.Сариев, Р.Моллақанағатұлы, «Жусан» операциясымен қақтығыс аймағынан елге оралған отбасы мүшесі Н.Юсупова қатынасып, деструктивті діни ағымдардан сақтану, әлеуметтік желіде мұқият болу мәселелерін қозғады.

         Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев жиынның мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, «Kazdream Media» компаниясы әзірлеген интернет желісіндегі діни ағымдардың таралуын зерттеу мақсатындағы «Аналитикалық Интернет-карта» бағдарламасы бойынша атқарылып жатырған жұмыстарды кеңінен айтып өтті. Осы ретте, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңның талаптары, сондай-ақ ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 453 және 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беріп, әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертіп, Орталық мамандары «Оlx», «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырғанын баса айтты.

         2019 жылдың қорытындысы бойынша  ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптарын бұзған 57 тұлғаға (ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша  — 22, ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2 тармағы бойынша – 35) қатысты әкімшілік құқық бұзғаны туралы хаттамалар толтырылғанын назарға ұсынды.

         Өз кезегінде «Жусан» операциясымен қақтығыс аймағынан елге оралған отбасы мүшесі Н.Юсупова Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, жастық шақтың қанша уақытын жоғалтқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, студенттерге соқыр сенімнің жетегінде кетпей, туған ел, ата-ана, бауыр, білім алу, уақыттың қадірін түсіну керектігін жеткізді.

         Деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен зияндарын түсіндірген «Шапағат» қоғамдық қорының теологы А.Сәден қандай да бір діни сұрақтар туындаса, арнайы дін мамандарынан сұрауға кеңес берді.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля