MMA дан әлем чемпионы Т.Жұмағалиевпен тікелей эфирде сұхбат

Атырау облысы Жылыой аудан тұрғындарының арасында патриоттық және рухани-адамгершік тәрбиесін қалыптастыру, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, діни радикализм идеологиясының алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 17 ақпанында «Instagram» әлеуметтік желісінде «ato.atyrau», «jylyoi_mma» парақшаларында «Еркін сұхбат» бағдарламасында ауданға танымал джи-джитсудан Қазақстан чемпионы Т.Жұмағалиевпен тікелей эфирде сұхбат жүргізілді. Тікелей эфирге 50-ден астам адам қатысты.

Сұхбат барысында кейіпкер өзінің спорттық қызметін 2005-2009 жылдары каратэ секциясына қатысудан бастағандығын, өзінің  мансабы барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізгендігі және көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп, жасөпірімдер арасында каратэден ҚР чемпионы, жастар арасында джи-джитсудан Қазақстан чемпионы, ересектер арасында ММА-дан панкратионнан әлем чемпионы атақтарының иегері атанғандығы туралы айтты. Ол  өзінің  барлық жеңістері мен  жетістіктерін  қажырлы  еңбекпен байланыстырады.

Сұхбат барысында жас спортшы ҚР ӘҚБтК-нің 453-490 бабтарында көзделген құқықтық жауапкершілігі туралы түсінік берді және жастарға әлеуметтік желілердегі діни материалдарды таратпауға, лайк баспауға, жүктемеуге кеңес берді. Т.Жұмағалиев осы спорт түріне қалай  келгендігі, қандай қиындықтардан өткені, жастар тәрбиесі, ер жігіттерге қандай қасиеттер тән болу керектігін айта отырып, жастарды алға  қойған  мақсаттарына жету  үшін  аянбай еңбек етуге,  ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге, Отанын сүюге  және  салауатты  өмір  салтын  ұстануға  шақырды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля