Жаңалықтар

АТТ мүшелеріне арналған семинар өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 маусымында облыстық АТТ мүшелері, мемлекеттік қызметшілер және дінтанушыларға арналған бір күндік біліктілікті арттыру курсы өтті. 


«Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбын қамтыған семинар жұмысына республикалық АТТ мүшесі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты, дінтанушы-ғалым К.Тышхан мен «Work and Life» тренинг орталығының директоры Н.Азаматов шақыртылды. 


Семинар аясында мемлекеттің зайырлылық ұстанымдары, еліміздегі діни бірлестіктер мен діни теріс ағымдардың қызметтері туралы, дәстүрлі діндердің қызметінің мән-мағынасы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, Н.Азаматов шешендік шеберлік арқылы аудиторияға тиімді ықпал ету, жұртшылық алдында сөз саптаудың кәсіби ерекшеліктері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 2 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1015Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля