Мақат ауданы

Халенов Сәбит Сүлейменұлы

1939 жылы 29 қыркүйекте Құрманғазы ауданында балықшы отбасында дүниеге келдім.Білімім-жоғары.1960-1963 Кеңес Армиясы қатарында болдым. 1964-1965 жж Құрманғазы аудандық халық сотында хатшы, 1965-1990 жылдар аралығында Құрманғазы, Жылыой, Мақат аудандарының ішкі істер органдарында басшылық қызметтерде болдым. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарызаң мектебін 1971-1976 жылдары бітірдім. Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқаным және мінсіз қызметім үшін «ҚР-ның Ішкі істер министрлігінің Құрметті ардагері» атандым. 1990-1994 жылдары Мақат аудандық коммуналдық кәсіпорын директоры. 1995 жылдан қоғамдық жұмыстамын.2010 жылдан Мақат аудандық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасымын. 2011-2018 жылдары «Мақат-Мейірім» аудандық қайырымдылыққорының директорымын.

Марапаттарым:

2010 жылы есімім «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» ғұмырнамалық жинақ кітабына енді.

2011 жылғы ҚР Ардагерлер ұйымының Республикалық ҮІ-сьезінің делегатымын.

2011 жылы ҚР Презиенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатын» иелендім.

2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Елбасының жарлығымен мерекелік медальмен марапатталдым.

2012 жылы «Қазақстан Полициясына – 20 жыл» мерекелік медалімен наградталдым

2012 жылы Мақат ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталдым.

2016 жылы «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің «Құрмет белгісімен» марапатталдым. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Мыңтұрғанов Қуат

1950 жылы 5-ші тамызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келдім. 1971-1973 жылдары Алматы теміржол техникумын «Техник-теміржолшы», 1987-1992 жылдары Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін «Журналист» мамандықтары бойынша бітірдім.1968 жылы Гурьев жол дистанциясында жол монтері, 1973-1992 жылдары бригадир жол мастері қызметтерін атқардым. 1992-1999 жылдар аралығында аудандық, облыстық газеттерде жұмыс істедім. 1999-2008 жылдары Доссор кенті әкімінің орынбасары, 2008-2013 жылдары «Доссор-Сервис» мекемесінде участок бастығы болдым. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесімін. «Мқнайлы менің мекенім», «Көңілімнің шуағы», «Сары даланың сарыны», «Таң самалы» атты кітаптарым жарық көрді. Шығармаларым «Кел, Мақатқа», «Алтын бұлақ», «Ауылым алтын бесігім» т.б жинақтарға енді. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Тулешкалиев Есенжан Рамазанұлы

1954 жылы 1 –ші сәуірде Мақат ауданы, Доссор поселкесінде дүниеге келдім. 1961 жылы Доссор поселкесіндегі С.Шарипов мектеп-интернатының 1-сыныбына қабылданып, 1969 жылы осы 8 жылдық мектеп-интернатын аяқтадым. 1969-1971 жылдары Доссордағы В.Белинский атындағы орта мектепте оқып, 10-шы сыныпты бітіріп шықтым.

1971-1975 жылдар аралығында Гурьев педагогикалық институның тарих факультетінде оқып,білім алдым. Алғаш еңбек жолымды Байчунас орта мектебінен бастадым.1976-1977 жылдары отан алдындағы борышымды өтеп келіп, 1977 жылдан бастап Абай атындағы орта мектебінде тарих пәнінен дәріс бердім.2000 жылы осы мектептің директоры болып тағайындалдым.Осы жылдар ішінде еңбегім еленіп,2002-2004 жылдары аудандық мәслихаттың депутаты олып сайланып, қосымша қызметтер атқардым. Бұл директорлық қызметті 2009 жылдың наурыз айына дейін атқарып, ауысу тәртібі бойынша осы жылы Доссордағы С.Шарипов атындағы мектеп-интернатына директор болып ауыстым. Осы қызметті 2011 жылдың сәуіріне дейін атқарып, Доссор кент әкімі болып тағайындалдым. 2014 жылы наурыз айынанбастап, «Ақжай сервис» ЖШС-ның бас директорының орынбасары болып қызметімді жалғастырдым.

2017 жылы С.Шәріпов интернатына мұғалімдік қызметке ауысып, осы жерден зейнеткерлікке қалдым. Бүгінгі таңда Доссор кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы болып еңбек етемін.

Өзім еңбек еткен жылдары ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігінің, Республикалық және облыстық «Нұр Отан» ХДП, ҚР-ның 20жылдығына орай аудандық қорғаныс істер бөлімінің, Кент және аудан әкімдігінің, Аудандық мәслихаттың мадақтау қағаздарымен және «Жерұйық» мәдениет орталығының Адғыс хаттарымен марапатталдым. Қазақстан мұнайының қара шаңырағы Доссор кентінің 100 жылдығына орай құрметті төсбелгісі мен ұлығыландым. Атырау облысы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


                                                                     Роза Сабырғалиқызы Үмбетова

 1950 жылы 26-шы маусымда Гурьев қаласында дүниеге келдім. 1968 жылы Гурьев қаласындағы К.Г.Орджоникидзе атындағы орта мектепті бітірдім.

1968 жылы Гурьев мемлекеттік институттың физика-математика факультетіне оқуға түстім. 1972 жылы институтты бітіріп, физика пәнінің мұғалімі мамандығын алдым.

1972 жылы жолдама бойынша Мақат ауданы, Доссор кентіндегі А.Құнанбаев атындағы қазақ орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым.Осы мектепте қосымша қоғамдық жұмыстарды атқардым. Қыз балалармен жүргізілетін жұмыстың төрайымы, кәсіподақ ұйымының төрайымы, /1981-1989жж/ Мақат аудандық білім бөлімінің физика пәні бойынша штаттан тыс әдіскері болдым.

1984 жылы А.Құнанбаев атындағы орта мектептің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.

1990 жылы Мақат ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі болып тағайындалып, 15 жыл қызмет атқардым.   2004 жылы №2 кәсіптік мектепке әдістемелік қызметке қабылдандым. 2005 жылы Доссор кентінде жаңадан ашылған  №7 ППТК ММ ашып, директорлық жұмысқа орналастым.

2008 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін өзім болашақ резерв дайындап, осы мекеменің әдіскерлік жұмысына ауысып, бүгінгі күнге дейін әдіскерлік жұмысты атқарып келемін. Жалпы еңбек өтіліме — 45 жыл. Жоғары санатты мұғаліммін. Жанұялымын. Отағасым Таспаев Орынғали математика пәнінің мұғалімі, қәзіргі таңда – зейнеткер. Отбасымызда 1 қыз, 2 ұлымыз бар. Барлығы да жоғары оқу орындарын бітірген. Атырау облыстық-ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі.  

Марапаттарым:

Облыстық, аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет» грамотасымен 25 рет марапатталдым.

1995 жылы ҚР-ның «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталдым.

2013 жылы «Ы.Алтынсарин атындағы» медальмен марапатталдым.

 


Темірқұлұлы Шүкіріддін

07.02.1994 жылы қазіргі Түркістан облысы Қаратау ауданында дүниеге келдім. 2001-2011 жылы Түркістан облысы Ынтымақ ауылы Молда-Мұса атындағы жалпы орта мектебінде орта білім алдым. 2011-2015 жылы Алматы қаласы Нұр-Мүбәрәк университетінің «Исламтанушы» «фиқһ және заң» бөлімін бітірдім. 2015 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы «Рахат Ислам» мешітінде нәйіп Имамдық қызметін атқардым. 2017-2018 жылы Түркия мемлекеті Ыстамбул қаласы «Гунешлі ферах» құран курсында бір жыл оқыдым. 2018 жылдан бері Атырау қаласы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету қоғамдық қорында «теолог» қызметін атқарудамын. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля