Құрманғазы ауданы

Сапарова Ұлмекен Кибатуллаевна

11 қараша 1957 жылы (бұрынғы Гурьев) қазіргі Атырау қаласында дүниеге келдім.

1964 жылы орта мектептің 1 сыныбына барып, 1974 жылы № 13 мектеп – гимназиясының 10 сыныбын аяқтадым.

 1975 – 1981 жылдары Атырау қалалық Ішкі істерінің жанындағы күзет бөлімінің операторы, 1981 – 1983 жылдары Атырау қалалық сауда бөлімінде комсомол ұйымының хатшысы, 1983 – 1992 жылдары Атырау қалалық сотының сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, консултанты, 1993 – 1996 жылдары «Заман» ЖШС – гнің заңгері, 1996 – 1998 жылдары Атырау облыстық соты төрағасының көмекшісі, 1998 – 2004 жылдары Құрманғазы аудандық сотының судьясы болып жұмыс жасап, 2005 жылдан Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты қызметтерін атқарамын.

1977 – 1983 жылдары Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінде оқып тарихшы, 1989 – 1995 жылдары осы университеттің заң факультетінде оқып заңгер мамандығын алдым.

«Нұр Отан» партиясының мүшесімін. Құрманғазы аудандық ата – аналар қоғамдық кенесінің төрағасы, Құрманғазы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы ретінде қоғамдық қызметтер атқарамын. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Бисенғалиев Наурызбай Амантайұлы

 1991 жылы 26 наурызда Еңбекші селосы Даулеткерей ауылында дүниеге келген. Әкем Амантай Рафихұлы ауған соғысының ардагері, анам Жұмазира Кабенқызы үй шаруасында, бір інім, бір  қарындасым бар . 1997 жылы  Еңбекші орта мектебіне алғаш оқуға бардым, аталған мектепті 2008 жылы аяқтап, сол жылы Атырау қаласындағы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік универсиетіне мемлекеттік және жергілікті баскару мамандығына түсіп, 2012 жылы бакалавр дәрежесін алып шықтым. Оқуды аяқтаған соң  Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратына 2012 жылы «Жастар тәжірибесімен» жұмысқа орналасып, кейін аталған мекемеде 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап  жетекші маман қызыметіне тағайындалдым. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маманы болып қызмет атқардым. 2018 жылдың ақпанынан бастап Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығының басшысымын. Отбасын құрғанмын, 2 қыз, 1 ұл  тәрбиелеудемін. Отбасымда және туыстарымда сотталған және шет елде тұратындары жоқ. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Боранғалиев Ернар Серікұлы

1991 жылдың 19 қаңтарында Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келдім.

1997 жылы аудан орталығындағы Абай атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2008 жылы бітірдім. Атырау қаласындағы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын 2012 жылы бітіріп, жоғарыда көрсетілген жоғары оқу орнына қызметке қабылдандым. Университеттің жастар тсаясаты орталығының маманы және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметінде болдым.

2017 жылдың қазан айында Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық – талдау орталығы» КММ-не қызметке қабылданып, бүгінгі күнге дейін қызмет атқарып келемін.

Отбасында 5 (бес) адам. Әкем Боранғалиев Серік Өтепқали ұлы 1964 жылы дүниеге келген. Анам Темірханова Сандуғаш Хиюжақызы 1970 жылы дүниеге келген. Інім Өтепқалиев Данияр Серік ұлы 1999 жылы дүниеге келген. Үйленгенмін. Жұбайым Байымбет Шолпан Жанболатқызы 1998 жылы дүиеге келген.

Қазіргі таңда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылының Ш.Бекмухамедов көшесінің 5 – ші үйінде тұрамын. Атырау облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесімін.

 


 Бегалиев Еламан Жасөмірұлы

Актөбе облысы, Хромтау ауданында 1994 жылы  дүниеге келдім.

9 сыныпты бітіріп, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы медрессесін 7 жыл оқып тамамдадым.

Содан соң Ақтөбе коледжіне бітірдім. 2016 жылдан бастап Атырау қаласында теолог мамандығын және Иманғали мешітінде найб имам қызметін атқардым. Қәзіргі уақытта Құрманғазы ауданында теолог қызметін атқарудамын. Атырау Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесімін.

 

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля