Жылыой ауданы

Исаинова Мустахима Малашовна

1951 жылы желтоқсанның 5 күні Атырау (Гурьев) облысы, Жылыой (Жилая коса) ауданының  Қара-Шүңгіл  мұнайбарлаушылар экспедициясы орналасқан  елді мекенде  дүниеге келген.   Әкесі- Әбілғазиев Малаш Жұмағалиұлы ұзақ жылдар мұнай барлау экспедициясында бұрғышы болып қызмет атқарған, еңбегі бағаланып үкімет тарапынан әр жылдары медальдар мен грамоталарға ие болды, кейін денсаулығына байланысты   Қамыскөл Орталық электр станциясына жұмысқа  ауысты, 1974 жылы дүниеден озды.         Анасы — Әбілғазиева Зиба Төлепқызы Қамыскөл Орталық электр станциясында еңбек етті. 5 ұл , 5 қыз тәрбиелеп өсірген Батыр Ана, 2010 жылы дүниеден озды. Ері Исаинов Сағындық Тәжібекұлы 1951  жылы 21 мамырда  Атырау облысы, Жылыой ауданы Қамыскөл поселкесінде дүниеге келген. «Атыраужарық» мекемесінде ұзақ жылдар абыройлы жұмыс жасап, еңбегі еленіп марапатталды, еңбек ардагері, Ембі аудандық кеңесінің депутаты болып сайланып, сайлаушылардың аманатын орындады.

«Жылыоймұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармасының ардагерлер Кеңесінің төрайымы. 2016 жылдың тамыз айынан бері Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Төлеуов Наурызбай

1943 жылы 16 наурызда Жылыой ауданы, «Қара-Арна» ауыл советінде дүниеге келдім. 1957 жылы «Арал-Төбе» ауыл советіндегі «Жамбыл» атындағы 7 жылдық мектепті бітіріп, «Қазақстан» колхозындағы «Жданов», қазіргі №3 мектептің жанындғы пансионда жатып, 1960 жылы орта мектепті бітірдім. Осы жылы «Орал мемлекеттік педагогикалық институтының» «Жаратылыстану-География» факультетіне түстім. 1965 жылы оқуымды аяқтап, «Жаңатаң» совхозындығы «Аманкелді» орта мектебіе мұғалім болып орналастым.

1697 жылы мектеп комсомол ұйымының хатшысы; 1973 жылы мектеп директорының мектептен және кластан тыс жұмыстарын ұйымдастырушы; 1974 жылы оқу ісі меңгерушісі; 1975 жылы мектеп директоры болып тағайындалдым.

1973-2002 жылдары ауданның №10, №2 орта мектептерін басқардым. Басшылық кезінде мектептің материалдық базасын нығайтып, пән кабинеттерін жасақтадым.

1974 және 1976 жылдары Социалистік жарыстың жеңімпазы белгілерімен марапаталдым.

1975 жылы селолық кеңестің депутаты болдым.

1974 жылы СССР Оқу министрінің грамотасымен және Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі атағымен марапатталдым.

1986 жылы «Лермонтов», қазіргі №2 мектепте директор болып ауыстырылдым.

1987 жылы Қосшағыл поселкелік советінің депутаты болдым.

География мұғалімі ретінде 1973 жылдан облыстық аудандағы штаттан тыс әдіскері, 1993 жылдан аудандық олимпиаданың төреалқа мүшесі, 2000 жылдан бастап төраға болдым. 2002 жылы өз қалауым бойынша директорлықтан босадым.

2002 жылы «Атырау Жылыой энциклопедиясына», 2008 жылы «Жылыой жылнамасы энциклопедиялық жинағына» енгізілдім.

2010 жылы обылыс әкімінің алғыс хатына ие болдым.

2012 жылы «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жинағына ендім. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля