Орталық туралы

Атырау облысы Дін істер басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орталық бөлімдері Бөлімнің міндеттері
1 «Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету» Орталықтың жылдық, айлық жоспарларының орындалысын бақылау; Облыстық, қалалық Ақпараттық-түсіндіру тобының іс шаралар орындалысын қадағалау; Жастар арасында діни радикализм идеологиясы таралуының алдын алуға, дәстүрлі сана мен қоғамдық құндылықтарды нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру, қадағалау; Дін істері басқармасымен бекітілген конфессияаралық және ұлт аралық келісімді нығайтуға, сондай-ақ терроризм идеясына қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған жоспарлар мен медиа-жоспарлардың орындалысын қадағалау; Сыртқы ақпараттық баннерлердің іліну жұмыстарын қадағалау; Сараптамадан өткен бейнеөнімдердің облыстық эфирден берілуін қадағалау, әлеуметтік желілерге, youtobe каналына жариялау және көпшілікке ұсынылуын қадағалау.
2 «Талдау және мониторинг» Облыстың қоғамдық-саяси жағдайына мониторинг жүргізу, ішкі саясат бойынша ақпараттық-сараптамалық мәліметтер дайындау; Облыс бойынша діни ахуалға айлық, тоқсандық есеп дайындау; Облыс бойынша деструтивтік діни ағымдарға арнайы орталық базасының жүйесін жүргізу , талдау; облыстың қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерделеуді ұйымдастыру және жүргізу, ішкі саяси процестердің жағдайы мен сапалы мінездемелерін, облыстағы қоғамдық пікір жағдайын, азаматтардың электронды көңіл-күйлерін жан-жақты зерттеу және талдамалы есебін шығару; Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 «Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы» 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.
3 «Ақпараттық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету» Жастар үшін ақпараттық –түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат материалдарының көрнекі әдістерін роликтер, бейнематериалдар, телебағдарламалар дайындауды ұйымдастыру; Ақпараттық әдістемелік материалдарды дайындау және тарату;
4 «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» Деструтиквтік және жеке оңалту жұмысын жүргізу; Діни бірлестіктерге зерделеу жұмыстарын жүргізу; Шетелде білім алушылармен, олардың отбасыларына түсінік жұмыстарын жүргізу; Сенім телефонымен жұмыс жүргізу.
5 «Интернет ресурстары және әлеуметтік желілерді зерделеу» Интернет және әлеуметтік желілер арқылы радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Діни алауыздықты тудыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау нысандарын, әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге жеке аккаунттарға зерделеу жүргізу, дінтану сараптамасын ұсыну; Облыстағы діни ахуал бойынша және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттардың талдамасын облыстық басқармаға мерзіміне сай ақпарат ұсыну; Атырау облысы бойынша исламдық және басқа конфессиядағы діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім ұйымдарының қызметін зерделеу жұмыстарды үйлестіру, өзара іс-қимыл жасау;
6 «Діни бірлестіктермен жұмыс» бөлімі Аудандық электронды және баспасөз ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен теріс діни ағымдар, олардың қоғамға зияндылығы әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізеді; Аудандардың елді мекендеріндегі жергілікті тұрғындар, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, теріс ағымдардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында түрлі форматтағы кездесулер өткізеді; Дін саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыруға және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған кездесулер, сұхбат, дәрістер өткізеді; Тұрғындарды Қазақстандағы діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметтері туралы, сонымен қатар дәстүрлі діндердің қызметінің мән-мағынасын ашып көрсетумен ақпараттандырады;
7 «Аудандық жұмыстарды үйлестіру» бөлімі Аудандағы мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету жөнінде барлық жұмыстардың заң аясындағы үлгілері мен тәсілдерін жобалап, басшылық келісімімен оларды атқаруға қажетті іс-шаралар қорын жасақтап, олардың іске асырылуын жобалап отырады. Тұрғындардың әртүрлі топтарының дін саласындағы негізгі түсініктерін қалыптастыру, сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылуын арттыру мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізеді; Дін мәселелері жөніндегі Ақпараттық-түсіндіру топтарын құрады; Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жеткізу мақсатында құрылатын Ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамына аудан көлеміндегі шешендік өнерге бейім, мақсатты аудиториямен жұмыс жүргізуге қабілетті білікті мамандарды, әсіресе, тарихшы, филолог, зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздармен жетілдіріп, АТТ мүшелерінің сапасын арттыруға жұмыстанады; әртүрлі сипаттағы деструктивті діни ағымдардың идеяларының қоғамға енуіне және таралуына тосқауыл қоятын іс-қимылдар мен идеологиялық жұмыстарды кадрлық әлеуеті жоғары әрі маманданған ұйымдарды тарта отырып кәсіби деңгейде атқаруға атсалысады; діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралардан соң тұрғындар, жастар арасында дін жайында сауалнамалар жүргізеді.
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля