Қызылқоға ауданы

Базарбаев Талғат Төребайұлы

 1962 жылы тамыз айының 29-шы жұлдызында Атырау облысы Миялы селосында дүниеге келдім. 1969-1979 жылдары Миялы селосындағы Н.К.Крупская орта мектебінде оқып білім алдым. 1979-1984 Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагокикалық география-биология пәні бойынша жоғарғы білім алдым. 1984-1986 жылдары өз мандығым бойынша Миялы селосында №20 орта мектебінде өз мандығым бойынша жұмыс жасадым. 1986-1987 жылдары Кеңес Одағы қарулы күштерін қатарында Әскери борышымды атқардым. 1988-1990 жылдары Қызылқоға аудандық комсомол, партия органдарында қызмет атқардым. 1991 жылдан бастап күні бүгінге дейін түрлі мемлекеттік қызметтерде қызмет атқарып келемін. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Бижанов Нұрбол Еламанұлы

1989 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1996-2007  жылдары  аралығында  Жангелдин ауылындағы Миялы орта мектебінде оқып, орта білім алған.

Білімі – жоғары. 2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітіріп, «қаржы» мамандығын алған.

2012 жылы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі  әкімі аппаратында жетекші маман (жастар жетекшісі) қызметін атқарған.

2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылқоға аудандық  ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқаруда.

2014 жылдың наурыз айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Қызылқоға аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы.

2017 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде экономика факультетін бітіріп «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын алған. Отбасылы, 2 ұлы бар. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


 Ғұбайдуллин Дулат Берікұлы

1989 жылы 30 қыркүйекте Қызылқоға ауданы, Миялы селосында туған. 1996 жылы Б.Аманшин атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, 2007 жылы бітіреді. Сол жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне мемлекеттік грантпен балық шаруашылығы мамандығына оқуға түседі. Университет қабырғасында оқып жүріп, 2010 жылы Орал қаласында балық шаруашылығы мамандағының студенттері арасында өткен республикалық олимпиадада ІІІ орын иеленеді. 2011 жылы университетті тәмамдап, Миялы ауылындағы ГНПФ зейнетақы жинақтау қорына кеңесші-маман болып жұмысқа кіреді. Онда 2013 жылдың желтоқсан айына дейін жұмыс жасайды. Содан кейін, 2014 жылдың 3 наурызында аудандық «Қызылқоға» газетіне тілші болып жұмысқа орналасады. Содан бері аталмыш газетте қызмет атқарып келеді.

Мектеп қабырғасынан бастап оқушылар және жастар арасындағы түрлі шаралар мен бағдарламалардың қатысушы, ұйымдастырушысы. Жастар арасындағы және діни тақырыптардағы конференциялар мен жиындарда өзекті тақырыптарда баяндама жасап келеді. Оның бастамасымен аудан көлемінде «Жүрекке жол» еріктілер тобы құрылып «Тегін такси», «Қайтарымы мол қайырлы іс», «Жақсылықтар жарысы» сияқты қайырымдылық акциялары мен «Сіз көрмеген концерт» атты еріктілер тобының есеп беру концерті өтті. Сонымен қатар, жыл сайын жастар арасындағы жыл қортындысы есебінде өтетін «Жыл үздігі» аудандық шарасының бастамашысы.

Қазіргі таңда аудандық «Қызылқоға» газетінің ІІ санатты тілшісі болып жұмыс жасайды. Сонымен қатар, «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы және «Жүрекке жол» еріктілер тобының жетекшісі болып қоғамдық негізде қызмет атқарады.

Марапаттары мен жетістіктері: 2015 жылы Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаевтың Алғысымен;

2014 жылы Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетовтың Алғыс хаты;

2014 жылы Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Мұқанның Алғыс хаты;

2013 жылы Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Қалауидың Алғыс хаты;

2013 жылы Қызылқоға ауданының әкімі М.Мұқановтың Алғыс хаты;

2014 жылы «Жыл үздігі-2014» шарасында «Үздік тілші» номинациясымен марапатталған.

2016 жылы облыстық дін істері басқармасы басшысы Қ.Көшқалиевтың Алғыс хаты;

2012 жылы Мақат ауданында өткен «Жастар –Отанға» атты облыстық ақпараттық-мәдени керуені аясында ұйымдастырылған дебат ойынында І-орын;

2013 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында өткен «Ел болашағы – жастардың қолында» атты аймақтық жастар форумында «Дін және жастар» тақырыбында үздік баяндама жасап І-орын иеленді. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля