Индер ауданы

Жұқиев Серік Жұқаұлы

1948 жылы 2 желтоқсанда Горы селолық округінде шаруа отбасында дүниеге келген.
1955 1-ші сыныпқа барып, 1966 жылы Елтай селосындағы орта мектептен 11-ші сыныпты бітіріп, кеңес кезіндегі қоғамды құйымдардың тәрбиесіналған. Алғашқы еңбек жолын 1966 жылы «Правда» кеңшарында қатардағы жұмысшы болып бастаған.

1967-1970 жылдары Әскери соғыс теңіз флотында борышын өтеп, 1971 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, 1975 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнін тамамдап, алғашқы еңбек жолын «Горы» сегіз жылдық мектебінде мамандығы бойынша жұмыс жасаған. 1976 жылдан Гребенщик орта мектебінде мұғалім, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін 10 көлемінде атқарған.

1987 жылы 17 шілдеден бастап Индер аудандық халыққа білім беру меңгерушісі, осы бөлімнің балалар құқығын қорғау инспекторы қызметін  1992 жылға  дейін жасаған. Одан әрі Индер аудандық әкімдігіне коммуналдық меншік бөлімінің меңгерушісі, облыстық мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитеттерінің бас маман қызметтерін 1997жылдың мамыр айына дейін атқарған.

1997-1999 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының поселке ісі жөніндегі сектор меңгерушісі, Индербор кенті әкімінің орынбасары, 1999-2002 жылдары дірменсіз борышкер кәсіпорындарының конкурстық басқарушысы, 2002 жылғы 1 шілдеден Индербор кентінің округінің бас маманы, Индербор поселкелік округі әкімінің орынбасары қызметтерін 2010 жыға дейін жасаған.

2014 жылы Мемлекеттік қызметкерлер күніне облыс ікімінң алғыс хатына ие болған.

Индербор кенті орталығы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, кенттің мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жөніндегі комиссиясының мүшесі, Индер ауданы әкімі жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Кәрім Қымбат Хайроллақызы

1958 жылы маусым айының 26-ы күні Индер ауданы, Аққалы ауылында дүниеге келген. Білім саласының ардагері. Орал пед. институтын бітірген. 1975 жылы Горы орталау мектебінде аға пионервожатый, 1984-1986 жж. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғәлімі, 1987-1992 жж. Гребенщик орта мектебінде оқу ісі меңгерушісі, мектеп директоры, 1993-1999, 2002-2017жж. аудандық білім бөлімінде әдіскер, бас маман, сектор меңгерушісі, 2000-2001 жж. аудан әкімінің аппаратының қоғамдық саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2017 ж. қазан айынан бастап Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маман қызметкері. 2011 ж. Астанада өткен Қазақстан әйелдері тұңғыш съезінің делегаты, І шақырылған аудан мәслихатының депутаты болған. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (1998), Ы.Алтынсарин (2009) төсбелгілерінің иегері. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Мұқанғазина Ғалия Ғазизқызы

1949 жылы 8 қазанда Елтай ауылында қарапайым қызметкер жанұясында дүниеге келген. 1966 жылы сол кездегі В.И.Ленин атындағы орта мектепті бітіріп, Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік педагогкалық институтына түсіп, 1970 жылы аяқтап шыққан. 19 жылдық ұстаздық еткен еңбегі еселеніп, 1989 жылы «Аға мұғалім» атағын алса, 1996 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Қазіргі таңда зейнеткер. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Утегенова Нұргүл Каримқызы

1957 жылы 25 маусымда Орал облысы Тайпақ ауданы Сайқұдық ауылында дүниеге келді. 1964 жылы Сайқұдық орта мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданып,  1974 жылы Есенсай елді мекеніндегі Октябрьдің 40 жылдығы атындағы орта мектепті тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын, «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы орта мектепте кітапханашы болып бастаған. Батыс Қазақстан облысы  Орал қаласындағы  А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың филология факультетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын  бітірген . 1994 жылы Атырау облысы Индербор кентіне отбасы жағдайымен қоныс аударып, осы ауданға тұрақтаған. 42 жыл ұстаздық еткен. 21 жылын Индербор кентіндегі М. Әуезов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен  дәріс берген. 2016 жылы зейнеткерлікке шықты. Атырау облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Мұхамедиярова Шолпан Қаденқызы

Мұхамедиярова Шолпан Қаденқызы (1948 ж.т.) – 1-категориялы дәрігер-терапевт. 1971 ж. Ақтөбе мед. ин-тын бітірген. Ұзақ уақыт аурухана меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары болды.  Респ. деңгейдегі мақтау грамоталарымен, “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі” белгісімен (2003) марапатталған. Қазір зейнеткерлікте болса да, аудандық ауруханада  дәрігер болып жұмыс істейді. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Ерлан Сағынов  Мұратұлы

1994 жылы Атырау облысы Индер ауданы  Жарсуат  ауылында дүниеге  келдім. 2000 — 2011 жылдары Жарсуат  ауылындағы  «Махамбет орта» мектебін бітірдім. 2011-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы «Орал медресесің» бітірдім. 2014-2017 жылдары «Нұр мүбарак» университетінің бітірдім. Қазіргі таңда Индер ауданы «Әйіп қажы» мешітінде найб имам қызметін атқарамын. 2018 жылдан бері «Шапағат қоғамдық қорының» теологы  қызметін  атқарамын. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Нариманова Жадра Нариманқызы

1994 жылы 1 қаңтарда Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем – Ардабиев Нариман Барболұлы – Атырау облысы «Карабатан» жұмыс кешенінде электрик, анам – Жанатова Күнсұлу Мұхамбетқызы — жұмыссыз. Отбасында үш ағайынды: әпкем мен інім бар.

2000 жылдың 1 қыркүйек күні «Көктем» қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2011 жылы бітірдім.

2011 жылы БҚО, Орал қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша оқуға түстім. 2015 жылы оқуды тәмамдап, «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалаврының академиялық дәрежесін алдым.

2011-2012 жылдар аралығында БҚО, Орал студенттер «Альянсының» мүшесі;

2013-2014 жылдары – БҚО, Орал қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағының  жауынгері болып жұмыс жасадым;

2014-2015 жылдар аралығында БҚО, Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бойтұмары «Өркен» газетінің «Шешендік өнер» бағамы бойынша жауапты редакторы;

2015 жылдың қазан айынан бастап күні бүгінге дейін аудандық ішкі саясат бөлімінің «Индер аудандық Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы.

2017 жыл қазан айы – 2018 жылғы қаңтар —  «Индер аудандық Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры міндетін уақытша атқарушы болып қызмет атқардым.

2017 жылдан бастап аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің штаттан тыс тілшісі;

2018-2020 жыл аралығы —  Атырау арнасының Индер ауданындағы редакторы;

Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля