Мақалалар

Шетелдегі діни білімнің қаупі

Шет елдерден исламдық діни білім алу.
Егер адам сенімді, дәстүрлі оқу орнын таңдаса (мысалы, Әл-Азһар университеті, Түркиядағы кейбір беделді университеттер, институттар, Ресей ислам университеттері), онда білім сапасы жоғары және қауіптілік төмен. Бұл оқу орындары әдетте классикалық ислам ілімін (ақида, фиқһ, Құран, хадис) дәстүрлі жолмен оқытады.
Кейбір шет елдік оқу орындары немесе жеке діни орталықтар радикалды, шектен шыққан бағыттағы идеологияларды үйре отырып теріс көзқарасты ақпараттарды таратуы, айтар болсақ такфиршілдік (мұсылмандарды күпірлікпен айыптау), терроризмге үндеу немесе мемлекетке қарсы әрекеттерге итермелеу қаупі. Түлектер елге оралуымен қоғамға дінге қатысты өзге көзқарастарды таратып, халық арасында алауыздық туғызуы, радикалды бағытта оқыған кейбір жастар діннің тек өз ұстанымына ғана дұрыс деген көзқараста болуы, олардың қоғаммен өзге дін өкілдерімен және мемлекетпен қарым-қатынасына кері әсер етуі.
Кейбір діни білім алған жастар заңсыз немесе мемлекеттік бақылаудан тыс діни ұйымдар құрып, оларды басқаруы ықтимал, бұл мемлекет қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді және кейбір діни көзқарастар Қазақстанның дәстүрлі мәдениеті мен заңнамасына сәйкес келмеуі арқылы жастардың қоғамға бейімделуін қиындатады.
Шет елде жүргенде білім алушы жастар кейде жалғыз қалады. Олар дұрыс ұстаз таппаса, не өздігінен қате ағым өкілдеріне ілесіп кетсе, адасу қаупі жоғары болады. Бұл әсіресе діни білімнің бастапқы деңгейінде жүрген жастар үшін қауіпті.Өзге елдер діни білім беру арқылы басқа мемлекеттерге саяси немесе идеологиялық ықпал етуді көздеу арқылы ұлттың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Егер білім сапасы төмен болса немесе радикалды идеологиялар басым болуы бұл қоғамда діни сауатсыздықтың артуына және қате түсініктердің кең таралуына әкеледі.
Қысқаша айтқанда радикал бағыттағы діни мектептер (Мысалы, такфиршіл, жихадшыл ағым өкілдері арасында оқытылатын жерлер). Жекеменшік немесе бақылаусыз «ислам колледждері мен марказдар» және «орталықтарда» оқыған қауіптірек.
Қазақстан Республикасының Дін істері комитеті мен «ҚМДБ» (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы) ел азаматтарына тек белгілі, сенімді оқу орындарында оқуға кеңес береді. Кейбір оқу орындарына ресми тыйым салынған.
Оқуға бармас бұрын Қазақстанның Дін істері комитетінен немесе жергілікті уәкілеттік органдардан немесе ҚМДБ-дан (Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынан) кеңес алған дұрыс. Ресми келісімі бар оқу орындарын таңдаған жөн. Ұстаздарды және оқу бағдарламасын тексеріп алу. Өз мәзһабымызды (ханафи) және сенім негізімізді (матуруди ақидасы) берік ұстану керек.
Елімізде бірнеше жоғары діни білім беру оқу орындары бар олар:
1. Нұр -Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университеті.
2. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
3. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасы
4. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
5. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
6. Е. А. Букетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті.
7. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

 

Атырау облысы Дін істері басқармасы

Ақпараттық-талдау орталығының

бөлім басшысы С.Айжарықов

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1057Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля