Аида БАЛАЕВА: Ұрпақ алдындағы парызымыз – оларға рухани-адамгершілік бағдар беру
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға толық тыйым салу туралы петицияға қатысты пікір білдірді. “Биыл 10 маусымында Мәдениет және ақпарат министрлігіне ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға толық тыйым салу туралы өтініш келіп түсті. Бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс туғызып, қызу пікірталас болды. Өйткені қазіргі кезде мемлекет тарапынан адам құқықтарына көп көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ қазақстандықтар қоғамдық маңызды тақырыптарды талқылауға және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға белсенді атсалысуда. Қазақстанда президенттік реформалар аясында демократиялық даму, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту үшін барлық қажетті заңнамалық жағдайлар жасалған. Соның бірі – петиция институты. Конституция нормаларына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, Қазақстан кемсітуге қарсы саясатты жүзеге асырады. Ол саясат негізінде қоғамда конституциялық кепілдік, жанжал тудырмау және толеранттылықтың сақталуын қамтамасыз ету міндеттелген.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Аида БАЛАЕВА: Ұрпақ алдындағы парызымыз – оларға рухани-адамгершілік бағдар беру | Қазақстандағы Ислам