Жаңалықтар

АТТ мүшелеріне арналған 2 күндік біліктілікті арттыру курсы

Бүгінгі қоғам үшін АТТ мүшелерін қайта даярлау уақыттың талабы.

Себебі бүгінде ақпарат кеңістігінде түрлі материалдардың жариялануы, оның ақ-қарасын ажырату үшін кез-келген азаматтың, әсіресе дін мәселесіне қатысты сауаттылықтың болуы маңызды. Осы ретте ел тұрғындарымен етене жұмыс жасап жатқан АТТ мүшелерінің бірінші кезекте біліктіліктерін жетілдіру өзекті. 


Осыған орай, ағымдағы жылдың 22-23 шілде күндері Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жетілдіру мәселелері» атты ақпараттық түсіндіру тобының мүшелеріне арналған 2 күндік біліктілікті арттыру курсын өткізді. 

Курстың мақсаты – діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша Атырау облысындағы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің қызметін жетілдіру, біліктілігін арттыру, топ мүшелерінің зайырлылық ұстанымдарын пысықтау, АТТ мүшелерін әдістемелік қамтамасыз ету. 


Аталған курсқа арнайы шақыртылған Ақтөбе қаласы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары, дінтанушы Т.Талдыбаев «Қазіргі таңдағы жалпы профилактикалық жұмыстың ерекшеліктері, деструктивті діни ағымдардың таралу жолдары және оның алдын-алу шаралары» тақырыбында дәріс оқыды. Ал, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев Қазақстандағы дін жөніндегі мемлекеттік саясат және ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы аясында слайд арқылы түсіндіріп өтсе, «Шапағат» қоғамдық қорының теологы А.Саден «Зайырлылық және дін – біртұтас қоғам» және тарихшы Е.Абзалов «Қазақ дүниетанымындағы дін түсінігі – Матуриди сенім мектебінің тарихы» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. 
Жалпы дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы – мемлекеттің дін саласындағы саясатының түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында билік органдарының халықпен жұмыс жүргізу формасының бірі. Сондай-ақ қоғамдағы зайырлылық сана-сезімін нығайту, азаматтар мен қоғамды сыртқы әртүрлі жалған ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету және халық санасында еліміздің болашағын зайырлылық қағидаларына негіздеу қажеттілігі. 
Курс соңында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев сертификаттар табыстады.НравитсяПоказать список оценившихКомментарийПоделитьсяПоказать список поделившихся65Написать комментарий…

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля