Атырау Облыстық АТТ қызметкерлер құрамы

Көшқалиев Қайрoлла Дүйсешұлы

1968 жылы 30 маусымда ҚАЗ ССР-ның Гурьев қаласында дүниеге келген. 1975-1985 ж.ж. аралығында Ю.А.Гагарин атындағы орта мектепте оқыған. 17.11.1986-27.10.1988 ж.ж. Совет Үкіметі әскерінің қатарына шақырылып, Афганистан Республикасында әскери борышын өтеген.

1998-2002 ж.ж. ҚАЗ ССР-ның Гурьев атындағы Педагогикалық институтының дене шынықтыру мұғалімі факультетін бітірген.

05.09.1985 16.06.1986 электрик, 3 санаттағы, күзет бөлімі, Қалалық ішкі істер бөлімі, Гурьев қаласы
15.07.1986 05.091986 электрик, 4 санаттағы, күзет бөлімі, Қалалық ішкі істер бөлімі, Гурьев қаласы
17.01.1989 19.03.1989 қызметкері, 2 дәрежелі 4/88-89 сейсмикалық партиясы, «Эмбамұнайгеофизика» АҚ, Гурьев қаласы,
07.04.1989 17.08.1989 оқушы, кабель жүргізушісінің, Автоматты телефон станциясы желісі цехы, телеграф-телефон станциясы, Гурьев қаласы
20.12.1989 20.07.1990 әдіскер, «Ровесник» бала комбинаты
06.02.1991 12.07.1991 қызметкер, «Каскад» күзеті, Гурьев қаласы
07.08.1991 06.05.1992 басшы, «Шурави» Шағын кәсіпорны, Атырау қаласы
06.05.1992 16.01.1995 командир орынбасары, ҚР Ішкі әскер №5546 бөлімі, Атырау қаласы
12.02.1995 16.12.1998 маман, ұйымдастыру-көпшілік жұмыс бойынша, еркті өрт сөндіру жасағы, Атырау қаласы
26.02.1999 07.01.1998 аға инспектор, Атырау облысы Қаржы полиция департаменті, Атырау қаласы
08.02.2002 05.03.2009 директор орынбасары, “Атырау-Моторс” ЖШС, Атырау қаласы
10.04.2009 01.02.2009 директор орынбасары, «Simba KZ» ЖШС, Атырау қаласы
01.02.2009 31.01.2012 директор комерциялық, Люкс Компани ЖШС, Атырау қаласы
04.03.2015 22.04.2015 бас маманның міндетін атқарушы, Атырау облысы Дін істері басқармасы, Атырау қаласы
22.04.2015 21.09.2016 бас маман, Атырау облысы Дін істеір басқармасы, Атырау қаласы
21.09.2016 қазіргі уақытқа дейін басшы, Атырау облысы Дін істері басқармасы, Атырау қаласы

 

Отбасылық жағдайы – үйленген, 3 баланың әкесі.

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы. Атырау облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі.

 


КЕНЖЕҒАЛИ АБАТ КЕНЖЕҒАЛИҰЛЫ

     1942 жылдың 20 қаңтарында Атырау облысы Исатай ауданы Новобогат ауылдық округiнде туған.  Білімі жоғары. Х.Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттiк университетiн (1967) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, Алматы жоғары партия мектебiн (1982)  саяси қызметкер мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын кеңшарда шопан болып бастап, жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, қазіргі Маңғыстау облысы Қарақия ауданына жолдама алады. Онда №4 қазақ орта мектебінде бір жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, екі жыл мектеп директорының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары болып жұмыс істейді.

Содан 1970 жылдың қазанында аудандық жастар комитетіне жұмысқа ауысады. 35 жылдан астам мемлекеттік қызметтің әр саласында жасаған. Сауатты, ой-өрісі кең, интеллектуалдық танымы терең азамат ретінде облыс халқына кеңінен танымал.

1995 жылы әр өңірде казактар шу шығарып, орыс жазушысы Солженицинның үндеу таратуы, ұлт мәселесін ушықтыруы мүмкін кезде құрылған, облыстық ұлт саясаты комитеті басшысының бірінші орынбасары ретінде халықтар бірлігі, ұлттар достығы бағытында қыруар қызметтер атқарды.

1999 жылдары Қазақстанның рухани кеңістігі жаңа сипат ала бастады. Елімізде дін түрлері көбейді. Оларға дәстүрлі ислам дінін ұстанатын қазақ ұлтының өкілдері көптеп кіріп, протестанттық дін ұстанымдарын таратуды белсенді түрде қолға алды. Сол кезде облыс әкімі жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес хатшылығы құрылды. Облыс әкімі сеніп тапсырған бұл жұмысты да А.Кенжеғали абыроймен атқарды. Сол жұмыстағы белсенділігі үшін оған 2002 жылы ҚР Мәдениет қайраткері деген атақ берілді. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


БЕКЕЖАН Өмірбек Қадырханұлы

25.08.1963ж. Атырау обл,  Исатай ауд, Тұщықұдық а. Индер ауданы, Есбол а. Кулагино орта мектебін бітірген(1981). Х. Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік  университеті Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры. Философия ғылымдарының докторы(2010). Беларусь мемлекеттік университетінің философия факультетін «философия» мамандығы бойынша бітірген (1985-1990).

 Х. Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік  университетінде  1990 жылдан қызмет атқарады. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік  университеті философия, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы (1990-1994), профессоры (2003ж). Философия, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі (2003-2008). Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі (2008-2017).Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының  профессоры.

    Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Мифтің қоғамдық санадағы мәні мен қызметі»(1998). Докторлық диссертация тақырыбы: «Жахандану жағдайындағы техника феномені: әлеуметтік-философиялық талдау» (2010). 140-тан аса ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалар авторы.

Еңбектері:

  1. Дербестігіміз демографияда.(қосалқы автор).Алматы:Жеті Жарғы.- 1999. 220 б.
  2. Қоғам және миф. (оқу құралы) Алматы.-Домино баспасы.- 2002.- 124 б
  3. Техниканың философиялық аспектілері. Оқу құралы. Алматы. – 2007. – 91 б.
  4. Техника феномені: әлеуметтік-философиялық талдау. Монография. Атырау.-2016ж. 329 б.
  5. Әлеуметтік мифология. Монография.Атырау.-2020.- 120 б.

Марапаттары: «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі.

(2011ж.), ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Облыс, қала әкімінің, қалалық маслихаттың, Облыстық басқармалардың Алғыс хаттары.

Қоғамдық жұмысы:

  1. 1.Атырау облысы және Атырау қалалық әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің мүшесі;
  2. «Елсана» рухани-қоғамдық ұйымы мүшесі,
  3. Қазақстан философиялық Конгресі Батыс Қазақстан бөлімінің төрағасы.

Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Мусаев Қаһарман Рахметұлы

         Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Құрманғазы селосында 1982 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1989-1999 жыл аралығында Абай Құнанбаев атындағы қазақ орта мектебінде оқыды.

         2001-2003 жылдары Түркия Республикасы, Стамбул қаласындағы «Қожа Ахмед Яссауи атындағы білім және бауырмашылық» уақыфының Құран Курсында оқып, үздік аятады.

         2004-2010  жылдары Түркия Республикасы, Конья қаласындағы Сельчук университетінің, Теология факультетінде оқыды.

         2016-2018  жылдары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Құқықтану мамандығындығы бойынша оқыды.

         2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 6 жыл.

         2012-2013 жыл  Дін істері агенттігінің Атырау облысы Дін істері департаментіндегі Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімі бас маманның міндетін атқарушы;

         2013-2013 жыл Дін істері агенттігінің Атырау облысы Дін істері департаментіндегі Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімі бас маманы;

         2013-2015 жыл Атырау облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімі бас маман Атырау қаласы

         2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Дін істері басқармасының Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшылық лауазымын атқарып келеді. Атырау облысы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Қадыров Серік Нұрбайұлы

1990 жылы қазан айының 22-і күні дүниеге келген. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінде экономика және бизнес бакалавр мамандығын тәмамдаған. 2010-2011 жылдары қалалық ішкі саясат бөлімінде нұсқаушы қызметінде, 2011 жылдан бастап қала әкімі аппаратында бас маман болса, былтырғы жылдан бастап қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


 Мұхамбетов Серік Қалжанұлы

1949 жылы 6 сәуір күні Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Қарабау селосында дүниеге келген. Журналист, саясаткер, Қаз МУ-ды, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірген. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Еңбек жолын Доссорда қатардағы мұнайшы болып бастаған. Мақат аудандық «Мұнайшы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған. Мақат аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, ауыл парткомның бөлім меңгерушісі, екінші хатшысы, облыстық партия комитетінің сектор меңгерушісі, облыстық Мәдениет басқармасының бастығы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, тілдерді дамыту  жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, облыстық әкімдіктің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Кел, Мақатқа» жинағына шығармалары енген,  мәдениет, өнер, тіл жөніндегі бірнеше кітаптардың құрастырушысы, 200-ге жуық публикацистикалық, танымдық мақалалардың авторы, «Ерен еңбегі үшін», «Астана» медалдарымен облыстың, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет граммотасымен марапатталған, Мақат ауданының құрметті азаматы. Атырау облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


 Сәден Аблай Шөптібайұлы

20-қыркүйек 1973 жылы Торғай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келді.

1980-1990 ж. Амангелді ауданында С.М.Киров атындағы мектепті тәмамдады.

1991-1992 ж. ПМК-10 да кірпіш қалаушы болып істеді.

1993-1994 ж. Торғай облысы, Жангелді ауданындағы Оспан қожа атындағы сауат ашу медресесін тәмамдады.

1994-2003 ж. Араб Египет Республикасындағы «Әл Азхар» университетінің Еғдадия-Санауиясын  тәмамдады.

2003-2004 ж. СҚО Қызылжар қаласындағы орталық мешітінің найб имамы.

2004-2006 ж. ҚМДБ-ның іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарды.

2006-2008 ж. Алматы қаласы, Бақтыбай мешітінін бас имамы қызметін атқарды.

2008-2010 ж. Астана қаласы, Уч. хоз кентінің мешітінің бас имамы қызметін атқарды.

2010-2013 ж. Алматы қаласы, Қаскелен мешітінде найб имам қызметін атқарды. Қосымша ТОО «Аш Шамс» қаржы директоры қызметін атқарды.

2013-2017 ж. БҚО Ақсай қаласының найб имамы және теолог қызметін атқарды.

2017-2019 ж. Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде найб имамы және теолог  қызметін атқарды.

2017-2019 ж Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің жанындағы КГУ дің және ОО Фурканның теолог қызметін атқарды.

Жұмыс тәжірибесіндегі жетістіктері мен алғыс хаттар:

«ҚАЖҚ қызметкерлері және дін қызметкерлері арасында діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың нормаларын түсіндіру» семинарынан өтті.

«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау» респбликалық оқыту курсынан өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің куәлігінің иегері. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Тулепов Азамат Нұғманұлы

 1990 жылы 6 тамызда Түркістан облысы Шардара ауданы Қазақстан ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.

2008 жылы Түркістан облысы Махтарал ауданы Атакент қалашығы №10 Қ.Сатбаев қазақ орта мектебін бітірдім.

2008 жылы Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану факультетіне оқуға түсіп, 2012 жылы исламтану мамандығы бойынша бакалавр мамандығын алдым.

2012-2013 жылдары ҚР ҰҚК ШҚ №2018 әскери бөлімінде отан алдындағы борышымды өтедім.

2014 жылы БҚО дін істері басқармасы  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ  оңалту бөлімінің инспекторы болып қызмет атқардым.

2014-2016 жылдары БҚО ҚАЖД жедел бөлімінің діни экстремизмге қарсы топтың аға жедел уәкілі қызметінде жұмыс істедім.

2015-2019 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті құқықтану факультетінің заңгер мамандығын бітірдім.

2016-2018 жылдары РФ Қазан Федералдық университеті дінтану факультетінің теолгия мамандығы бойынга магистратурада оқыдым.

2018-2020 жылдары БҚО дін істері басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы қызметінде болдым.

2020 жылдан «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-да теолог болып жұмыс істеп жатырмын.

Әскери қызметке міндеттімін.  Аға лейтенант атағым бар. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Абзалов Ернар Абзалұлы

1995 жылы 02 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. 2001-2012жж аралығында Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев орта мектебін тəмамдаған. 2012-2016жж аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде тарих мамандығы бойынша білім алған. 2016-2018 жж аралығында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының маманы, бөлім басшысы қызметттерін атқарған. 2018 жылдың қаңтар айынан  Шапағат» деструктивтік ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының маманы болып қызмет атқаруда. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля