Жаңалықтар

Атырау облысы Дін істері басқармасы бес қалада өз тәжірибесімен бөлісті

Атырау облысы Дін істері басқармасы деструктивті діни ағымды ұстанушыларды дерадикализациялау, экстремизмге қарсы іс-әрекет, теріс пиғылды ағымдарға тосқауыл қою, деструктивті діни ұйымдар үгітінің алдын алуда республикада көш бастап тұр. Жыл басына бері 10 айдаоблыс бойынша діни теріс ағымның 16 мыңға жуық аккаунты бұғатталып, жойылған.Соның 10 485  террористік, эктремистік бағыттағы материалдар болса, анықталған  4 804 материал зерттеуде жатыр.

Осыған орай, Атыраулық бір топ маманеліміздің басқа өңірлеріндегі әріптестеріне өз тәжірибелерімен бөлісіп, ҚР діни қызмет саласындағы құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, оларға қарсы заңды шара қолдану жолдарын үйрету мақсатында4-16 қараша күндері аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Петропавл  қалаларында іссапарда болып, «Әлеуметтік желіде дін саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау» тақырыбында семинарлар өткізді.

Делегация құрамындаАтырау облысы Дін істері басқармасының бас мамандары Ерлан Ерғалиев,Данияр Ғалиден,Атырау облысы дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының  басшысы  Рүстем Сейтқалиев, орынбасарыРүстем Кульчиковжәне орталықтың бөлім басшыларыҚалыбек Құбайдоллаев, Үкілім Оразбаева, Арман Айтуов, маман Аманжол Мағазов болды. Іссапардың басты мақсаты — өңірлерде дін саласында қызмет атқарып отырған органдарға Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, оларға қарсы заңды шара қолдану жолдарын үйрету болды.
Мамандар құрамында Атырау облысы Дін істері басқармасы тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық тәжірибесі бойынша тікелей жұмыс атқарып отырған бас маман Ерлан Ерғалиев және бас маман Данияр Ғалиден болды.
Мамандар екі жұмыс тобына бөлініп, Петропавл, Нұр-Сұлтан Қарағанды, Павлодар, Алматы қалаларына барды.
Жоспар бойынша 1-ші жұмыс тобы СҚО-ның Петропавл, Нұр- Сұлтан қалаларында болып, Атырау облысы Дін істері басқармасы бас маманы
Е.Ерғалиев пен Ақпараттық-талдау орталығының маманы А.Мағазов жергілікті Дін істері басқармасы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге басқарма басшысы, қызметкерлері және ПД-нің ЭҚІҚБ тарапынан мамандар қатысты.
Нұрсұлтандықтар діни миссионерлік, заңсыз діни рәсімдер өткізу, діни кітаптар сату бойынша сұрақтарды көбірек қойды
Кездесуде Петропавл және Нұр- Сұлтан қаласының діни ахуалы туралы және олардың діни қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмыстары таныстырылды.
Жұмыс тобы тарапынан алғашқы болып сөз алған Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманыЕрлан Ерғалиев(суретте) «Интернет желісіндегі ҚР Діни қызмет саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау алгоритмі» тақырыбында баяндама жасады.
Е.Ерғалиев интернет желісінде діни қызмет саласында бұзылатын заңдылықтарды қалай анықтауға болатындығын және бұл жұмысқа жауапты Ақпараттық талдау орталығының жұмысы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты әкімшілік іс қозғау үшін қандай құзырлы орган тарапынан қандай іс-шаралар атқарылуы керек екендігін баяндады. Және әкімшілік тәжірибеге жауапты Дін істері басқармасы және ПД ЭҚІҚБ органдары екендігін айтып өтті.
Е.Ерғалиев анықталған құқық бұзушылықтарды әкімшілік сот арқылы өткізіп, оларға қатысты заңды шешім қабылданғаннан кейін заң бұзған тұлғалармен әрі қарай қалай профилактикалық шаралар жүргізуге болатындығын айтып қана қоймай бұл әрекеттердің қандай заңға сүйеніп жасалып отырғандығын айтты.Жиынға қатысқан ПД өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 баптары бойынша жасақталған слайдтар арқылы толыққанды түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар өңірдегі Жергілікті полиция қызметінің жұмыстарына тоқталып өтіп, учаскелік полиция қызметкерлерінің өз аймақтарында діни қызмет саласындағы қандай заң бұзушылықтарға көңіл аудару керектігі жөнінде түсіндірді. Дін істері басқармасының ПД қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізу керектігі туралы айтылды.
Е.Ерғалиев Петропавл қаласының OLX жарнамалық бағдарламасын алдын ала жүргізген мониторинг кезінде анықталған діни иконаларды заңсыз сату фактілеріне көңіл бөліп, оларға қарсы ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабының 1.3 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтыру керектігін айтып, хаттаманың қалай  толтырылатынын көрсетті.
ДБ қатысты айтылған ақпараттарды саралау мақсатында Петропавл қаласындағы Дін істері басқармасының маманымен бірлесе отырып Петропавл қаласының «Қызыл жар» орталық мешітіне зерделеу жұмысы жүргізілді.
Зерделеу барысында аталмыш орталық мешіттің ғимаратында орналасқан асханада 100 — 150 адамға жуық қырғыз ұлтының азаматтары мерекелік кеш ұйымдастырып, СҚО-ның бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзғандығы анықталды. Бұдан бөлек ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 баптары бойынша жасақталған слайдтар арқылы толыққанды түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.
Ақпараттық-талдау орталығының мамандары А.Мағазов пен А.Айтуов Петропавл және Нұр-Сұлтан қаласындағы Дін істері басқармасының мамандарына арнайы бағдарламамен интернет кеңістігінде деструктивті діни материалдарды анықтау, сараптау, бұғаттаудың оңай әрі тез жұмыс жасау  тәсілдерін көрсетті.
Мамандар Атырау облысында орналасқан діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметтері, діни әдебиеттер саудасы бойынша жалпылама түсіндірме жұмыстары, жекелей зерделеу жұмыстары және әлеуметтік желілердегі парақшаларына  мониторинг жұмыстары бойынша атқарылған тәжірибелермен бөлісті.
ДБ қатысты айтылған ақпараттарды саралау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Нұр-Астана», «Хазрет Сұлтан» мешіттеріне және «Керуен» СҮ орталығында орналасқан «Marwin» кітап сату дүкендеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Е.Ерғалиев жергілікті Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері басқармасына барып жергілікті мамандармен тәжірибе алмасты.
Бұдан бөлек  топ мүшелері Е.Ерғалиев пен А.Айтуов ПД ЭҚІҚБ-ы қызметкерлерімен кездесті.Кездесуде Е.Ерғалиев әлеуметтік желідегі дін саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау алгоритмі бойынша толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
А.Айтуов өз тарапынан діни бірлестіктер тарапынан жиі жасалатын заң бұзушылықтарға назар аударып, олармен қалай жұмыс жүргізу керектігін айтып өтті.
«Атыраулық мамандар интернет алаңындағы жат ағым идеологиясының таралуына бір шектеу қоюдың өзіндік бір ерекше моделін тапты»
Қарағанды қаласында  атыраулық дін істері басқармасының мамандары қарағандылық әріптестерінен осындай баға алды.  Олар  Қарағанды, Павлодар, Алматы қалаларында облыстық Дін істері басқармасында болып, облыстардағы діни ахуалмен жіті танысты.
Қарағанды облысы Дін істері басқармасы жыл басынан бері 50-ден астам парақшаға сараптама жасаған. 10-ға жуық адам жауапкершілікке тартылып, оларға әкімшілік-құқық бойынша айыппұл салынған.
Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Дулат Төлегенов: «Атыраулық әріптестеріміз интернет алаңындағы жат ағым идеологиясының таралуына, шектеу қоюдың өзіндік бір ерекше моделін тапқан. Ол тәжірибесімен бізбен бөлісті. Жат ағыммен күресте Қарағанды облысының деңгейінде өзіміздің әдіс-тәсілдеріміз бар, оны біз де көрсеттік» деді БАҚ-қа сұқбатында.
Ақпараттық-талдау орталығының басшысы  Рүстем Сейтқалиев орталықтың қызметімен таныстырып, екі облыстағы жұмыс істеу тәсілдерінің өзгешелігі және жұмыстың тиімді жақтары туралы ұсыныстарын айтты.
Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Данияр Ғалиден «Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» және Қарағанды қаласына тәжірибе алмасуға келген Жезқазған, Сатпаев, Теміртау, Балқаш қалаларының мамандарына«ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңының» бұзылуының алдын алу, әлеуметтік желідегі заңсыз діни материалдардың таралуының алдын алу, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалармен жеке профилактикалық шаралар жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қарағанды облысының ДІБ және КММ-сі мамандарымен мамандарына  интернет кеңістігінде деструктивті діни материалдарды анықтау, сараптау, талдау қызметін атқаратын арнайы бағдарламамен қалай ұтымды жұмыс жасау керектігі көрсетілді.Қарағанды облысы Дін істері басқармасының мамандарымен Қарағанды қаласындағы мешіттерге зерделеуге жұмыстары жүргізілді.
Атыраулық мамандар бұдан әрі Қарағанды облысы Полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі  Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесті.
Павлодар облысында болған мамандарПавлодар облысы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту» орталығында Павлодар облысы Қоғамдық даму басқармасы қызметкерлерімен және Павлодар облысы Полиция Департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесті.
Алматы қаласы Дін істері басқармасы «Діндер мәселесін зерттеу орталығы», Алматы облысы Дін істері басқармасы және «Діндер мәселесін зерттеу орталығы»және «Оңалту орталығы» қызметкерлеріменболған кездесудеде Д.Ғалиден «ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы» бұзылуының алдын алуы бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары Д.Ғалиден мен Ақпараттық-талдау орталығының маманы Қ.Құбайдоллаевтың қатысуымен Алматы қаласының Полиция департаментінің ЖПҚ-нің және ЭҚІҚБ және«Діндер мәселесін зерттеу орталығы және «Оңалту орталығы» қызметкерлеріне жүргізілді.
Үш қалада болған кездесулерде Ү.Оразбаева мен Қ.Құбайдоллаев интернет кеңістігінде деструктивті діни материалдарды анықтау, сараптау, талдау, бұғаттау жұмыстарын арнайы бағдарламамен оңай әрі тез жұмыс жасау тәсілін көрсетті.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Петропавл қалаларында өткен кездесулерге қатысқан мекемелер Атыраулық мамандардың озық тәжірибесін қолдап, жергілікті жердерде осы бағытта жұмыс істеуді жоспарлап отыр.Семинардан кейін Солтүстік Қазақстан облысында «Аналитикалық интернет-карта» жобасы іске қосылатын болды. Сол арқылы олар да әлеуметтік желілерде деструктивтік бағыттағы жазбаларды, парақшаларды анықтап, тосқауыл қоймақ.
Кездесу болған барлық қалаларда жұмыс істеп тұрған діни бірлестіктердің қызметіне атыраулық мамандардың қатысуымен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында екі тарапқа да пайдалы өткен кездесулерде атыраулық мамандар көптеген сұрақтарға жауап берді.
Жұмыс барысын жеңілдету мақсатында бес қалағаАтыраудағы орталықтан арнайы дайындалған флаер, брошюра, ақпараттық хабарлама және жоғарыда баяндалған қолданыстағы бағдарламалардың электронды түп нұсқалары қалдырылды.
Интернеттегі экстремизмге қарсы іс-әрекет, теріс пиғылды ағымдарға тосқауыл қою, деструктивті діни ұйымдар үгітінің алдын алуда республика бойынша көш бастап тұрған Атырау облысының дін саласы мамандарының озық тәжірибесі енді еліміз бойынша осы бағыттағы жұмыстардың одан әрі жандануына үлес қосары анық.
Кез-келген мекеме аккаунттарды сараптамаға жібере алады
Ғаламтор кеңістігіндегі жат ағым идеологиясының таралуын шектеу үшін арнайы бағдарламаларды іске қосқан Атырау облысы дін істері басқармасы бүгінде рейтинг бойынша ел бойынша алдыңғы шепте.

Атыраулық алгоритмге тоқталсақ

Алдымен әлеуметтік желідегі діни материалға талдау жүргізіледі. Екінші бағыты — әкімшілік хаттама толтыру, әкімшілік айыппұл салу. Ал үшінші бағыт сол әкімшілік жазаға тартылған адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Атыраулық мамандардың айтуынша, кез келген мекеме аккаунттарды ақпараттық талдау орталығына діни сараптамадан өткізу үшін жолдай алады. Ол парақшалар бірнеше сатыдан, бірнеше мемлекеттік сараптамадан өтіп, заң бұзу деректері бар-жоғы анықталады. Дін істері басқармасы сараптама қорытындысына қарай әкімшілік ұйымдастыру, ықпал ету шараларын қолданады. Іске ҰҚК, Полицияның Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы да араласады.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде негізсіз діни ақпарат таратқандарды сот кінәлі деп таныса, оған 50 АЕК көлемінде, яғни 136 мың теңге айыппұл салынады. Деструктивті ықпалға түскен тұлғалар тек айыппұлмен құтылмайды, олармен профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізіледі.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля