Атырау Қалалық АТТ қызметкерлер құрамы

Омаров Мухиддин Асқарулы
1. Туылған күні: 12.1991 жыл
2. Ұлты: Қазақ
3. Отбасылық жағдайы: Отбасылы
4. Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі,Орыс тілі,Араб тілі,Өзбек тілі.

Мекен жайы: ОҚО Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылдық округы Ынтымақ елді мекені.
5. Байланыс телефондары:8702138592
6. E-mail: muxid-1muxiddin@mail.ru
7. Білімі: Орта білім «Сарыағаш медресесі» колледжі

Жоғары білім Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығы

ЖҰМЫС ӨТІЛІ:

13.07.2013ж Жұмыс орны: БҚО Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Матай Қоқанұлы» мешіті

Қызметі: Найб имам қызметі.

20.09.2014ж Жұмыс орны: БҚО Ақтөбе облысы «Әйтке би» аудандық орталық мешітініің

Қызметі: Бас имамы қызметі.

19.10.2015ж Жұмыс орны: БҚО Ақтөбе қаласы «Сүлеймен ата» мешітінің

Қызметі: Бас имамы қызметі.

19.01.2016ж Жұмыс орны: БҚО Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің

Қызметі: Найб имам қызметі.

17.10.2016ж Жұмыс орны: ОҚО Шымкент қаласы «Тасбау Сәлімбай» мешітінің

Қызметі: Найб имам қызметі.

Жұмыс орны: «Шапағат» деструктифті ағымдардан жапа шеккендерге көмек» орталығы

Қызметі: Теолог

Атырау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Жаулин Ербол Еділұлы

1982 жылы 1 қаңтарда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ноғайты селосында дүниеге келдім.

1989-1998 жылдары аралығында Сағыз орта мектебінде оқыдым.

1999-2004 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде педагог-психолог мамандығын, 2013-2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде құқық бакалавры мамандығын алдым.

1998-2008 жылдары аралығында мектеп саласында мұғалімдік қызметтерді атқардым.

2008-2012 жылдары аралығында Атырау облысында Балаларды қорғау департаменті, Дін істері департаментінде жетекші маман, бас маман қызметтерін атқардым.

2013 жылдан бері Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы, «Жардем-Атырау» корпоративтік қорында лауазымдық қызметтерде болып, облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, тұрғындарды діни экстремизмге, фанатизмге және радикалдық идеяларға қарсы әрекет етуге және оның алдын алуға жұмылдыру, әлеуметтік көмек, кеңес беру жұмыстары мен ұлтаралық және конфессионалдық диалогты насихаттау, дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты және ұлттық қағидаларды қорғау бағытындағы бірқатар жұмыстарды атқарып келемін.

Жанұяда 3 ұл, 2 қызым бар. Жолдасым білім саласында қызмет етеді. Қазіргі таңда бала күтімі бойынша демалыста. Атырау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Қатеп Миланбекқызы

  1. Туылған күні: 04.04.1987 жыл
  2. Ұлты: Қазақ
  3. Отбасылық жағдайы: Тұрмыста
  4. Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі-Ана тілі, Орыс, Ағылшын-орташа, Түрік тілі, Араб тілі-жақсы.
  5. 5. Мекен жайы: Атырау қаласы,Авангард 4 ы/а. Үй:3А/26
  6. 6. Байланыс телефоны: +77025703230 , +7 7013755843 Katep88@bk.ru
  7. Білімі: 2009 – 2012 жж. ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Шімкент медіресесі.

Біліктілігі: Исламтанушы. (Диплом№ 0224432). Бастауыш білім беру.

2012-2013жж. Түркия мемелекеті, стамбуыл қаласы. Педагогикалық, психологиялық және кәсіби білім толықтыру курсы.

Қазіргі уақытта: Психология мамандығы бойынша Х.Досмұхаммедов университетінің 2курсында білім жалғастыруда.

Жұмыс өтілі:  2011-2012жж. Аталған медресе педагогикалық  практика. 2013-2015жж. Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешітінде ұстаздық қызмет. Атырау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Құбышев Мейірбек Ғайнеденұлы

 1978 жылы 9 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген.

1995 — 1999 жж. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі» мамандығы және 2012 — 2014 жж. – Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінің «Құқықтану» мамандықтарын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1999 – 2002 жылдары Атырау қаласы Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-гимназиясында мұғалімдіктен бастады;

2002 – 2004 жж. – Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру орталығының» әдіскері;

01.06.2004 – 29.10.2004 жж. – ҚР Ақпарат министрлігінің Атырау облысы бойынша Ақпарат басқармасының Ұйымдастыру жұмыстары және әлеуметтік технология бөлімінде бас маман;

01.11.2004 – 31.12.2004 жж. – Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бас маманы қызметінде болған.

М.Ғ.Құбышев 2005 жылдан бастап осы мерзімге дейін Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарған.

2017 жылдың 21 маусымынан бастап Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-нің басшысы. Атырау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Сейтқалиев Рүстем Қырғиұлы

1984 жылы 28 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген.

Атырау мұнай және газ институтының «Мұнай және газ саласындағы технологиялық үрдістер мен өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша 2001-2006 жж. аралығында оқып, автоматтандыру инженері біліктілігі берілген.

2007 жылдың ақпан айынан бастап «Ескерт Кызмет Ратледж» ЖШС-нде қауіпсіздік техникасының машықтанушысы;

2008 жылдың сәуір айынан бастап «Харкон» АҚ-нда  қауіпсіздік техникасы инженері;

2008 жылдың мамырынан бастап «Хемимонтаж-Атырау» ЖШҚ-ның инженері;

2008 жылдың шілде айынан бастап ҚР ҰҚК органдарының арнаулы қызметі;

2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Бекет Сат Жол» ЖШС-гі директорының көмекшісі;

2018 жылдың шілде айынан бастап «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары;

2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау  орталығы» КММ-нің басшысы қызметін атқаруда. Отбасылы, 4 баланың әкесі. Атырау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Марданов Темірбек Марданұлы

1949 жылы 10 желтоқсанда Гурьев облысы Забурун ауыл советі, Манаш ауылында туған. 1966 жылы «Октябрьдің 40 жылдығы», қазіргі «Жыр падишасы», жерлесіміз – Ф.Оңғарсынова атындағы  орта мектебін оқып бітірді.

1968 – 1972 жылдары Гурьев педагогикалық институтының тарих мамандығы бойынша оқып бітіріп, жоғары білімді ұстаз болып өз туған аулындағы №7 орта мектебіне (қазіргі Амангелді атындағы орта мектебіне) ұстаздық жұмысқа қабылданып, алғашқы еңбек жолын бастайды.

Содан бері үзіліссіз 45 жыл – өзі туған ауылы, өзі оқыған, тәрбиеленген мектебіне адал қызмет етті, мектебі екінші үйіне айналды. Осы мектептің барлық жауапты жұмыстарын атқарды.

1974-1984 жылдары тәрбие ісінің ұйымдастырушысы.

1984-1987 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Осы жылдарда әуелі мұғалімдер комсомол комитетін, кейін 5 жыл бойы бастауыш партия ұйымының хатшысы қызметін қоса атқарды.

1987 жылы 1 қыркүйекте демократиялық жолмен мектеп директоры болып сайланды. Осы жұмыста үзіліссіз «28» жыл жауапкершілікпен еңбек етті. Осы жылдарда Амангелді орта мектебі аудан, қала, облыс деңгейіне танымал етті. Мектеп облыс бойынша «Үлгі – тірек мектебі» атағын жеңіп алды. Атырау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Шакиров Толыбай Шәкірұлы

1 маусым 1960 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Забурын (Зинеден) ауылында дүниеге келдім. 1978 жылы Исатай селосындағы мектепті бітіріп, Прикаспий мұнай барлау экспедициясына (ПНРЭ) бұрғышының көмекшісі болып еңбек жолын бастадым.

1978-1981 жж әскери борышымды Венгрия Республикасында және Ауғанстан жерінде өтедім.

1982-1998 ж.Атырау облысының ішкі істер саласында қызмет еттім. Запастағы майор.

1999-2000ж Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы.

2001-2004 ж. әртүрлі күзет басқармасында күзет бастығы. 2004-2016 ж Атырау облысының сотының шаруашылық меңгерушісі.

2017 жылдан Сыбайлас жемқорлық департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топ мүшесі.

Білімі жоғары – Заңгер.

Жанұялы жолдасым, ұлым бар. Көптеген мемлекеттік және мерекелік медалдармен марапаталған. Атырау қалалық Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля