Аудандық Ішкі саясаттың бөлім басшыларымен кездесу өтті
Атырау облысы аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшылары ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Ақпараттық-талдау орталығының атқарған жұмысымен танысты. Кездесу барысында, орталық басшысы Р.Сейтқалиев өңірдегі діни ахуал мен діни мәселелер туралы айтып өтіп, шешу жолдарына тоқталып өтті. Сондай-ақ орталық басшысы әлеуметтік желідегі деструктивті діни ақпараттардың таралуына қарсы арнайы бағдарлама мен 5 бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды.
Орталық басшысының орынбасары Г.Қожағұлова 7 бөлімнің атқарған жұмыстарын таныстырып өтті.
Кездесу соңында, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшылары тарапынан қойылған өңірдегі діни ахуал туралы сұрақтарына жауап берілді.