Мақалалар

Баланы мектепке қалай дайындау керек?

Жазғы кезең мен мектеп демалысы аяқталуға жақын қалды. Балаларды оқу процесіне қалай дұрыс бейімдеп, дайындауға болады? Бірінші сыныпқа баратын оқушыларды жаңа кезеңге қалай бейімдеуге болады? Өкінішке орай, қазіргі үрдіс балалардың қозғалмай, бір орында отырып, гаджеттерді көп пайдалануына әкеледі, соның салдарынан көру қабілеті нашарлайды, дене бітімі бұзылады, зейіні төмендейді, ұйқысы бұзылады. Жасыратыны жоқ, кейбір мектеп оқушыларында созылмалы аурулар бар, балалардың көбінің дене салмағы артып, тіпті семіздіктен зардап шегіп жатыр. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы балалардың денсаулығын сақтап қана қоймай, нығайту үшін де оларды жаңа оқу жылына қалай дайындауға болатындығы туралы бірнеше кеңес ұсынады. Күн тәртібін сақтау Алдымен, күн тәртібін алдын ала құру үшін мектептегі сабақ  ауысымы қалай жоспарланатындығын нақтылап алу қажет. Бір күнге нақты жоспар құрудың маңызы зор: үй тапсырмасын қашан орындайды, секцияларға немесе үйірмелерге қай уақытта барады, теледидар көруге немесе басқа да ойындар ойнауға бос уақыт бола ма, жоқ па, бәрін жоспарлап алу керек. 1-2 сынып оқушыларының үй тапсырмаларын  орындауына кететін уақыты 1,5-2 сағаттан, 3-4 сынып оқушыларына – 2 сағаттан, жоғары сынып оқушыларына – 3-4 сағаттан аспауы тиіс. Көзге қатты күш түсірмеу үшін әр 40 минут сайын үзіліс жасау қажет.

Баланың дұрыс ұйықтауын қадағалау керек, ұйқы 7-10 жаста: 10-11 сағат, 11-14 жаста: 9-10 сағат, 15-17 жаста: 8-9 сағат болуы тиіс. 1 қыркүйектен емес, жаздың аяғынан бастап мектеп тәртібіне жақындатып, күн тәртібін барынша сақтауды бастаңыз. Дұрыс күн тәртібі оқуға тез және нәтижелі бейімделуге, баланың үлгерімін, зейінін арттыруға және, ең бастысы, оқуға жақсы көңіл-күй қалыптастыруға көмектеседі. Теңдестірілген тамақтану Баланың толық өсіп, дамуының маңызды факторларының бірі – оның теңдестірілген, дұрыс және тиімді тамақтануы. Оқушылардың тамақтануы тұрақты түрде 4 рет болуы тиіс, баланың жасына сәйкес ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен микроэлементтердің мөлшері жеткілікті болуы қажет, тамақ ішу арасындағы аралық 3,5-4 сағаттан аспауы тиіс. Бірінші сынып оқушылары мен спортпен белсенді айналысатын балалар күніне 5 рет тамақтану керек. Оқу сабақтарының ауысымының әртүрлі болуын ескере отырып, оқушылардың тамақтану рационында тағамның пайыздық бөлінуі түрлі болуы керек. Диетолог-нутрициолог ғалымдары бірінші ауысымда бірінші және екінші таңғы асқа – тәуліктік калорияның 20%-ын, түскі асқа – 35%-ын, кешкі асқа – 25%-ын берген дұрыс, Екінші ауысымда: таңғы асқа – күнделікті рационнан  20%, түскі асқа – 35%, түстен кейінгі асқа – 20%, кешкі асқа – 25% калория берген дұрыс деп кеңес береді. Бюджет қаражаты көзделген еліміздің барлық мектептерінде 1-4 сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақты ұйымдастыру балалардың денсаулығына жақсы әсер ететіні сөзсіз. Кейбір мектептерде диеталық тамақтану енгізілген. Егер балада тамақтан аллергия болса, сынып жетекшісіне және мектептегі медицина қызметкеріне хабарлау маңызды. Сонымен қатар, балаларды газдалған тәтті сусындарды ішуден, фастфудтарды, чипсилерді, тұзды сухариктерді және басқа да снэктерді жеуден бас тартуға үйрету және талап ету маңызды. Олардың құрамында қант, тұз, трансмай көп болады. Оларды үнемі тұтыну семіздік, жүрек-қан тамырлары және эндокриндік аурулардың даму қаупін арттырады, зат алмасудың бұзылуына әкеледі. Оқушының үйдегі жұмыс орны Үй тапсырмасын орындау үшін үстелді терезенің жанына қойған дұрыс. Бұл өсіп келе жатқан организмге пайдалы күн сәулесін барынша алуына көмектеседі. Табиғи жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек, сондықтан жұмыс дәптерлері мен оқулықтарына жарық үнемі жақсы түсетін болады. Оқу орны жергілікті жасанды жарықтандырумен, дұрысы табиғи жарыққа барынша жақын шамдармен толықтырылуы керек. Аралас (жалпы және жергілікті) жасанды жарықтандыру бір үлгіде (люминесцентті немесе қыздыру шамдары) болуы керек, жыпылықтамай, күңгірт болмауы тиіс. Дұрыс таңдалған жиһаз – үстел, орындық немесе кресло дене бітімінің жақсы қалыптасуына көмектеседі. Биіктігі реттелетін үстелдер мен орындықтарды сатып алған дұрыс, баланың бойына қарай олардың биіктігін өзгертіп отыру қажет. Орындыққа отырғанда түзу, иық сәл төмен және бір қалыпты отыру керек, арқасын беліне қарай сәл бүгіп, басын  төмен түсірмей, сәл алға қарай еңкейіңкіреп, шынтақтарын 90 градусқа бүгіп отыру қажет. Табанын еденге немесе тіреуішке қойып отыру керек. Отырған жерінен үстелдің бетіне дейінгі арақашықтық баланың білегінің ұзындығына тең болған кезде өте ыңғайлы отыратын болады. Көзден мәтінге дейінгі арақашықтық 30 см-ден кем болмауы тиіс. Егер баланы дұрыс отыруға – орындықтың арқасына сүйенбей, шынтағымен сүйенбей немесе таянбай отыруға дұрыс үйретсе, уақыт өте келе омыртқаны ұстайтын бұлшықет тонусы дұрыс қалыптасып, омыртқа қисаймай, бүкіреймей, дене дұрыс өсетін болады. Ыңғайлы және әдемі мектеп формасы Міндетті мектеп формасына қойылатын бекітілген талаптарға сәйкес мектеп формасының стилі, түсі классикалық стильде, түсі біркелкі болады, үш түсті араластырудан аспайды. Мектеп формасының түсі тыныш және ашық реңктерді тудырмайтын түрде таңдалады. Мектеп формасына арналған мата ретінде сапасы жақсартылған, тез тозбайтын, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталарын қолданған дұрыс. Киімнің бірінші қабатын (іш киім, шұлық-носки бұйымдары) жоғары гигроскопиялық және ауа өткізетін табиғи маталардан (мақта, табиғи жібек, жүн) таңдаған дұрыс. Нейлоннан, капроннан және басқа да жасанды талшықтардан жасалған бұйымдарды алмаған жөн. Баланың аяқтары қалыпты өсуі үшін, қан айналымы және лимфа ағымы бұзылмауы үшін аяқ киімін дұрыс таңдау өте маңызды. Балалардың барлық жасына арналған жабық аяқ киімнің астарының жасанды және (немесе) синтетикалық және (немесе) композициялық былғарыдан жасалуына жол берілмейтінін білу керек. Нені таңдау керек: мектеп ранеці ме, портфель ме немесе иыққа ілетін сөмке ме? Ранецті дұрыс таңдау керек, ал үлкен жастағы оқушылар үшін – рюкзак дұрыс. Арқасындағы ранец немесе рюкзак түсетін күштің біркелкі болуына мүмкіндік береді, қолы босайды. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған ранец арқаға төзімді пішінде жабдықталуы керек. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес портфель мен оқушылардың ранецінде алдыңғы, бүйір жақтарында және жоғарғы клапанында жарық шағылыстыратын элементтері бар бөлшектер мен фурнитура болуы тиіс және қарама-қарсы түсті материалдардан жасалуы керек. Иықтағы белдіктері ұзындығы бойынша реттелуі тиіс, олардың ені 3,5-4 см-ден кем болмауы керек. Бастауыш сынып оқушылары үшін олардың салмағы 700 грамнан аспауы керек, орта және жоғары сыныптар үшін – 1000 грамнан аспауы керек. Сондай-ақ оқу жиынтығының салмағы (портфельдің, ранецтің немесе рюкзактың салмағын есепке алмағанда) нормаланады және мыналардан: 1 – 3 сынып оқушылары үшін – 1,5 – 2 кг; 4 – 5 сынып оқушылары үшін – 2 -2,5 кг; 6 – 7 сынып оқушылары үшін – 3-3,5 кг; 8 – 11(12) сынып оқушылары үшін -4-4,5 кг аспауы тиіс. Компьютерлер, смартфондар, планшеттер және басқа гаджеттер Жазғы демалыс кезінде балалар компьютерде, видео қойылымдарында ойын ойнауға көп уақыт жұмсады, смартфондарды шексіз пайдаланды, телехабарларды ұзақ уақыт көрді. Мектепке бару алдында және оқу кезінде бұл уақытты мүмкіндігінше қысқарту керек. Аудио-видео ақпараттың артық болуы зейіннің дамуына кедергі келтіретінін, сабақ оқуға және үйге қарауға кедергі келтіретінін ұмытпаңыздар.  Балалардың экранға жақын отырып бақылаусыз қарайтынын ескерсек, олардың көру қабілеті нашарлайды. Сондықтан санитарлық қағидалар мектепалды сыныптар мен мектептердегі компьютерлік сабақтардың үздіксіз ұзақ болуын реттейді. Мысалы, бір оқу сағатында (45 минут) видеотерминалмен, дербес компьютермен, планшеттік дербес компьютермен және ноутбуктермен тікелей жұмыс уақыты: мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда – 15 минуттан аспау; 2-3 сыныптарда-20 минуттан аспау; 4-8 сыныптарда-25 минуттан аспау; 9-11 (12) сыныптарда -30 минуттан аспау керек. Дұрысы – қозғалыс белсенділігі және шынығу Дене белсенділігінде сауықтыру ресурсы көп болады, дене белсенділігі сүйек қаңқасы мен бұлшықеттің дұрыс өсуіне және дамуына ықпал етеді, сонымен қатар жеткілікті қозғалыс жүктемесі қалжырап шаршаудың алдын алады. Қозғалмалы ойындар, жаяу серуендеу, жүгіру, туристік сапарлар, әртүрлі спорт түрлері – кез келген қозғалыс белсенділігі сіздің балаңызға өте пайдалы болады. Баланы әр 40-45 минут сайын үй тапсырмасынан кейін омыртқаға арналған жаттығулар жасатуға үйретіңіз, мысалы, турникке тартылу, жаттығу жасау, секіру. Көзге арналған гимнастика жасауды үйретіңіз, бұл көз бұлшықеттерінің шаршауын жеңілдетуге және жақсы көруді сақтауға көмектеседі. Шынығу процедуралары – су құю, құрғақ немесе дымқыл сумен сүрту, жуыну, контрастты құйыну, жалаң аяқ жүру, ауа ваннасы – иммунитетті нығайтуға көмектеседі, организмнің маусымдық суық тию ауруына қарсы тұруын арттырады. Гигиена – денсаулық кепілі Жеке гигиенаны ғана емес, қоршаған кеңістіктің тазалығын да сақтауға үйрету керек. Бөлмені үнемі желдетіп отыру, шаңды сүрту және дымқыл тазалау, жеке заттарды таза және ұқыпты ұстау маңызды. Жолдан келгеннен кейін, тамақтанар алдында, дәретханадан кейін, жануарларды, ақшаны, гаджеттерді (смартфондар, планшеттер, пернетақта, тінтуір және т.б.) ұстағаннан кейін, сондай-ақ олар ластанған жағдайда  қолды жуу керек екенін еске салу артық болмайды. Суық тию аурулары өршіген кезде балаларыңызға қалта антисептиктерін беріп қойыңыз, олармен тек қолды ғана емес, сонымен қатар қолмен ұстайтын  заттарды – смартфонды, портфель тұтқасын және т.б. сүртуге де болады. Естеріңізге сала кетейік, вакцинация инфекциялардан қорғанудың тиімді тәсілі болып қала береді. Егер сіздің балаңыз жиі ауыратын болса, ауыр созылмалы аурулары бар болса, онда эпидемия алдындағы маусымда: қыркүйек – қазан айларында тұмауға қарсы екпе салдыруды ұсынамын. Бұл оны асқынудан қорғайды, ал егер бала ауырып қалса, онда инфекцияны әлдеқайда жеңілдетеді. Осы қарапайым кеңестерді сақтай отырып, сіз тек мектеп кезінде ғана емес, сонымен қатар әлдеқайда ертерек балаңыздың денсаулығын сақтап, нығайту үшін жағдай жасайсыз. Дайындаған Жасұлан БАҚЫТБЕК

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Баланы мектепке қалай дайындау керек? | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля