Жаңалықтар

Биыл 18 мыңға жуық қазақ “қандас” мәртебесін алды

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 888 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 105,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (63,5%) Өзбекстаннан, 9,9% – Ресейден, 9,1% – Түркіменстаннан, 8,6% – ҚХР-дан, 4,9% – Моңғолиядан, 4% – басқа елдерден. Елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,1%), Маңғыстау (17,7%), Түркістан (8,3%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,5%), Астана (9,1%) және Шымкент (6,6%) қалаларына қоныстанды. Биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,9%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 20%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 38,9%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ. Тегтер: қандасоралманэтникалық қазақ

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Биыл 18 мыңға жуық қазақ “қандас” мәртебесін алды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля