Бірыңғай қабылдау күні
Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту, қоғамда мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында «Бірыңғай қабылдау күнін» өткізді.
Шара барысында облыстағы діни жағдайдың тұрақтылығын, динамикасын қалыпты ұстауға арналған қолданыстағы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы талқыланды.
Қатысушылардың көкейде жүрген сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.