Дамбыдағы білім беру ұйымдарында өткен кездесулер
Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 11 наурызында Жамбыл, Амангелді және Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебінің оқушыларымен «Рухани құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын-алу құралы» тақырыбында кездесулер өтті.
Аталған шараға білім саласының ардагері, облыстық АТТ мүшесі Т.Марданов, Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Д.Муханбеталиев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының тарихшы маманы Е.Абзалов және «Жусан» гуманитарлық операциясымен қақтығыс аймағынан елімізге оралған отбасы мүшесі П.Еркінбай қатынасып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде ардагер ұстаз Т.Марданов «Болашаққа бағдар: білім және тәрбие» тақырыбында ақыл-кеңесін айтса, Орталықтың бөлім басшысы Д.Муханбеталиев ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңның талаптары, сондай-ақ ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беріп, әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертіп, Орталық мамандары «Оlx», «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырғандығын жеткізді.
Ал, «Жусан» гуманитарлық операциясымен қақтығыс аймағынан елімізге оралған отбасы мүшесі П.Еркінбай Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, туған жердің, ата-ананың, бауырдың қадірін білуді жеткізсе, теолог-тарихшы Е.Абзалов теріс діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен олардың айырмашылығын ажырата білудің маңызын түсіндіріп өтті.