Депутат балаларды зорлағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керектігін айтты
Депутат Ернұр Бейсенбаев балаларға қарсы қылмысқа барғандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керектігін айтып, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы халқына Жолдауында да кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап ететінін айтқан болатын. Өкінішке қарай, күн сайын балаларға қарсы жасалған жантүршігерлік қылмыстар туралы жаңалық оқып жан-дүниеміз бен сана-сезіміміз сансыз соққылар алуда. Бұл қылмыстар әлемнің басқа түкпірінде болып жатқан жоқ. Өзіміздің елде, өз балаларымызға қарсы болып жатыр. Халықтың назары мұндай қылмыстарға үйренбеуі керек. Жыл сайын елімізде балаларға қарсы 2 000-ға жуық қылмыс жасалады екен. Яғни, күн сайын кемі 6 қылмыс тіркеледі. Бұл – өте қорқынышты статистика, – деді депутат Мәжілісте.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Депутат балаларды зорлағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керектігін айтты | Қазақстандағы Ислам