Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Шапағат» қоғамдық қорының теологтарымен «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев пен Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, теолог А.Сабдин, Орталық мамандары мен теологтар қатынасты.
Жиын барысында деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері талқыланды.
Жиынға өңірдегі дін мамандарынан 30 адам қатысты.