Мақалалар

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЗАРДАБЫ

Деструктивті діни ағымдардың зардабы: ұлттық қауіпсіздік пен құндылықтар тұрғысынан

Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпарат алмасудың қарқыны артып, әлемдік үрдістердің түрлі формалары қоғам өміріне етене еніп келеді. Осындай құбылыстардың бірі – деструктивті діни ағымдардың белсенділігі. Бұл ағымдар адам санасын улап, қоғам тұрақтылығына, ұлттық бірлік пен дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіруде. Әсіресе Қазақстан секілді көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет үшін бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде.

Деструктивті ағымдар дегеніміз не?

Деструктивті діни ағымдар – діни ұстанымды жамылып, радикалдық идеяларды насихаттайтын, мемлекет заңдары мен дәстүрлі дінге қайшы келетін топтар. Олар адам санасын манипуляция арқылы басқаруға тырысады, отбасылық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрді жоққа шығарады, мемлекеттік институттарға қарсы көзқарас қалыптастырады.

Қазақстан қоғамындағы ұлттық құндылықтарға төнген қатер

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық болмысы мен дүниетанымы – ислам дінімен біте қайнасқан рухани өзек. Бабаларымыз ұстанған дәстүрлі ханафи мазһабы мен матуриди сенімі діни төзімділікке, білім мен мейірімділікке негізделген. Алайда, деструктивті ағымдар осы құндылықтарды «бидғат», «ширк» деп айыптап, халқымыздың дін мен дәстүрге негізделген бірегейлігін ыдыратуға тырысуда.

 

Олар жастардың діни сауатының таяздығын пайдаланып, тарихи, мәдени және рухани байланыстан ажыратуға тырысады. Бұл өз кезегінде отбасылардың ыдырауына, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілікке, әлеуметтік оқшаулануға алып келеді.

Атырау облысындағы ахуал

Қазақстанның батыс аймақтары, әсіресе Атырау облысы, деструктивті ағымдардың идеологиялық әсеріне көбірек ұшыраған өңірлердің бірі болып отыр. Бұл аймақтағы күрделі діни ахуалдың себептері әртүрлі: экономикалық миграция, мұнай-газ секторына байланысты шетелдік ықпал, жергілікті халықтың діни білімге деген сұранысының толық қамтамасыз етілмеуі. Осы жағдайлар экстремистік идеологияның таралуына қолайлы орта қалыптастырған.

Мысалы, Атырау облысында діни экстремизмге қарсы кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті имамдар мен теологтар, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар халыққа түсіндіру шараларын жүргізіп, дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтар арасындағы байланысты нығайтуға күш салуда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде біраз азамат радикалды көзқарастан бас тартып, қоғамға қайта бейімделуде.

Ұлттық иммунитет – құндылықтар жүйесі

Деструктивті діни ағымдарға қарсы күресте құқықтық шаралармен қатар, ең басты құрал – ұлттық рух пен дәстүрлі құндылықтарға негізделген рухани иммунитет. Ұлттық болмысымызға тән қасиеттер – ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, қоғаммен байланыс, көршімен татулық – мұның бәрі діни тұрғыдан да қолдау табатын принциптер.

Бүгінгі таңда мектептен бастап жоғары оқу орындары мен мешіттерде жастарға дұрыс діни таным беру, олардың рухани сұранысын қанағаттандыру, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу – аса маңызды міндет. Сонымен қатар, отбасында балалардың рухани тәрбиесіне мән беріп, ақпараттық сауаттылықты арттыру қажет.

Қорыта келгенде, деструктивті діни ағымдардың таралуы – тек қауіпсіздік мәселесі емес, бұл ұлттық тұтастыққа төнген қауіп. Онымен күрес тек құқық қорғау органдарына емес, әрбір азаматқа қатысты. Біз бірлігімізді, салт-дәстүрімізді, дінімізді сақтағымыз келсе, ұлттық құндылықтарымызды берік ұстануымыз қажет. Сонда ғана біз діни манипуляцияға қарсы тұратын сауатты, рухани мықты қоғам қалыптастыра аламыз.

 

Ринат ҚАЛМАЗҰЛЫ

 

 «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

 жапа шеккендерге көмек орталығы»

қоғамдық қорының «Оңалту»

 бөлімінің басшысы

0

Автор публикации

не в сети 9 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1052Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля